«Невролог дәрігердің тәжірибесіндегі орфандық аурулар» тақырыбында II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2025 жылғы 12 желтоқсанда Қарағанды қаласында «Невролог дәрігердің тәжірибесіндегі орфандық аурулар» тақырыбында II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция офлайн форматта ұйымдастырылып, оған PhD докторы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының ассистент-профессоры (доценті) Альмаханова К.К. қатысты.
Конференцияның төрағасы Қарағанды неврологтар қауымдастығы ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар: м.ғ.к., профессор, КЕАҚ ҚМУ неврология, психиатрия және реабилитология кафедрасының меңгерушісі, Григолашвили М.А., Қарағанды қ., сондай-ақ аутоиммундық аурулар орталығының жетекшісі, Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының неврология бөлімшесінің меңгерушісі Евстафьева Н.А.
Конференция неврологиялық тәжірибеде орфандық және аутоиммундық ауруларды диагностикалау, емдеу және мультидисциплинарлық жүргізудің өзекті мәселелеріне арналды. Іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен және шетелден жетекші невролог-мамандар, ғалымдар, бейінді медициналық ұйымдар мен ғылыми орталықтардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда:
Батыс Қазақстан неврологтар қауымдастығының төрайымы, м.ғ.д., профессор, М. Оспанов атындағы БҚМУ неврология кафедрасының профессоры, Ақтөбе қ. Қабдрахманова Г.Б.; м.ғ.к., КЕАҚ «МУА» неврология кафедрасының меңгерушісі Есжанова Л.Е.; MD, PhD, КЕАҚ «МУА» үздіксіз дипломнан кейінгі білім беру институтының директоры, неврология кафедрасының доценті, Астана қ. Касенова А.С.; м.ғ.д., профессор, UMC Назарбаев Университеті, Ішкі медицина кафедрасы, Неврология бағдарламасы, Еуропалық жүйке-бұлшықет патологиясы қоғамының мүшесі, Астана қ. Куанова Л.Б.; м.ғ.к., невролог дәрігер, «Неврология және нейрореабилитация» білім беру курсының жетекшісі, Қазақстан-Ресей медицина университетінің дипломнан кейінгі білім беру институты, Алматы қ. Құдайбергенова А.С.; дәрігер-рентгенолог, Ресей неврология және нейроғылымдар орталығының аға ғылыми қызметкері, Мәскеу қ. Брюхов В.В. және басқалар.
Пленарлық және секциялық отырыстар аясында шашыранды склерозды, сирек кездесетін неврологиялық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдері, сондай-ақ орфандық патологиясы бар науқастарға мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Аталған конференцияға PhD, КЕАҚ «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» жүйке аурулары кафедрасының ассистент-профессоры (доценті) Альмаханова К.К.-ның қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, ғылыми және білім беру байланыстарын нығайтуға, сондай-ақ неврология саласындағы мамандардың даярлық деңгейін арттыруға ықпал етті. Алынған білімдер мен талқыланған клиникалық ұсынымдар кафедраның оқу процесінде және практикалық қызметінде пайдаланылатын болады.
Біздің университет медициналық ғылымды дамытуға және медициналық білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған халықаралық ғылыми іс-шараларға профессор-оқытушылар құрамының қатысуын белсенді түрде қолдауды жалғастырады.







