НҰРБҮБІ ЕРЖАНҚЫЗЫ 18.03.2001-21.04.2024
НҰРБҮБІ ЕРЖАНҚЫЗЫ
18.03.2001-21.04.2024
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің магистрантура білім алушысы Нұрбүбі Ержанқызының қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз. Ол 2023 жылы Қазақстан-Ресей медициналық университетінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы бакалавр дәрежесін алды. Одан кейін С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Жаһандық денсаулық және денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсті.
Нұрбүбі жауапкершілігі мол, зейінді студент еді. Нұрбүбі Ержанқызының отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.