Нұхы Жайықбайұлына 80 жыл!
Аса құрметті Нұхы Жайықбайұлы!
Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыздың қарсаңында көп жылғы әріптесіміз, эпидемиология кафедрасының доценті, ҚазССР-не еңбегі сіңген дәрігер Нұхы Жайықбайұлы 80-нің сеңгіріне шығып отыр. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі ауыз толтырып айтарлықтай. Негізгі ғылыми – тәжрибелік бағыты балаларды аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаумен байланысты болды. Ол ұсынған қызылшаға қарсы екпенің екінші дозасын ССРО көлемінде тәжрибеге енгізу нәтижесінде осы инфекцияны тезеу және элиминациялау мүмкіндігіне жол ашылды. Ғылыми – педагогикалық ізденістері 130-дан астам мақалалар мен 10-нан астам кітаптарда жарық көрді. Алғаш рет қызамықты диагностикалауға арналған препараты дайындау технологиясын жасады (ССРО мемлекеттік комитетінің авторлық куәлігі). Жайықбаев Нұхы өзіне ізбасарлар дайындауды да назардан тыс қалдырмады. Оның ғылыми жетекшілігімен 7 м.ғ.қ., 2 медицина магистрі Қазақстан ғылымдар қатарына қосылды.
Нұхы Жайықбайұлы Бүкілодақтық «Қызылша, қызамық, эпидпаратит» ғылыми-практикалық комиссиясының мүшесі ретінде өзінің кәсиби біліктілігін тапытты. Эпидемиология кафедрасында қызмет атқарған кезеңде әріптестеріне, жас мамандар мен студенттерге зор ықыласпен, өзінің мол тәжрибесімен бөлісті. Күнделікті өмірде ол қарапайым, кішіпейіл, үлкенге құрмет кішіге ілтипат көрсете білді.
Бұл шынайы көңіл сізге деген ерекше ықыласты, зор құрметті, әріптес ретінде сыйды білдіреді. Кафедраның қайта құрылу күнінен (1995 ж) бастап Сіз өзіңізге ғана тән байсалдылықты, біліктілікті, адамгершілікті, достықты ұстандыңыз. Кафедраның қалыптасуына, дамуына, жетістіктеріне қосқан үлесіңіз үшін біздер Сізге ерекше құрметпен қараймыз және осындай ұстанымызды әлі де болса жалғастыруды сұраймыз.
Сізді 80-жасқа толуыңызға орай шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз! Жылдың әр күні Сізге және Сіздің жанұяңызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті ректораты, Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканат ұжымы, АИВ – инфекциясы және ИБ курсы бар эпидемиология кафедрасының ұжымы, кәсіподақ комитеті, студенттер мен ұстаздар қауымдастығы сіздің мерей тойыңызбен құттықтайды!!!