Оқуға төлемақы бойынша жеңілдікке өтініштерді қабылдау
Құрметті білім алушылар!
2025 жылғы 10 қыркүйектен бастап оқу ақысына жеңілдік алу үшін өтініштерді қабылдау басталады. Құжаттарды тапсыру мерзімі 2025 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.
Құжаттарды 4-оқу корпусындағы 217-кабинетте орналасқан Әлеуметтік қолдау және өзара әрекеттесу орталығына тапсыру қажет.
Қабылдау уақыты: 08:30-дан 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 12:30-дан 14:00-ге дейін).
Назар аударыңыз! Жеңілдік 1 (бірінші) курс білім алушыларына қолданылмайды, жетім балалардан басқа.
Білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы Ереже университеттің ресми сайтында орналастырылған.



