Оқытушылардың академиялық ұтқырлығының оң аспектілері
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Алматы, Қазақстан) мен Абу Али ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты (Бұхара, Өзбекстан) арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында оқытушыларға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылды.
Химия ғылымдарының кандидаты, химия кафедрасының доценті Алмабекова Алмагүл Әмірбекқызы Бұхара мемлекеттік медицина институтының Медициналық химия және Биохимия кафедрасына шақырылып, екі апталық академиялық ұтқырлықтан өтті. 22.04.2024 бастап 27.04.2024 аралығында офлайн форматта және 29.04.2024 мен 05.04.2024 аралығында онлайн форматта.
Медициналық химия кафедрасымен танысу кафедра лабораториясынан басталды. БұхММИ әріптестер кафедраның негізгі ғылыми бағыттарымен таныстырып, кафедрада ғылыми мақсатта да, оқу үрдісінде де қолданылатын зертханалық және ғылыми-зерттеу жабдықтарымен таныстырды. Органикалық қосылыстардың құрылымын зерттеуге арналған ИҚ-спектрометрдің жұмысы анық көрсетілді.
А.А. Алмабекова академиялық ұтқырлық кезінде «Жалпы медицина», «Стоматология» мамандықтарының 1-2 курс студенттеріне «Альфа-амин қышқылдары. Пептидтер, белоктар», «Көмірсулар. Моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер» тақырыптарында химия пәнінен дәрістер оқылды. Медициналық химия пәнінен практикалық және зертханалық сабақтар 1 курс студенттеріне орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді.
Медициналық химия кафедрасының меңгерушісі Бахромов Хасан Каимұлы мен Биохимия кафедрасының меңгерушісі Нурутдинова Феруза Муидинқызының қатысуымен өткен бірлескен отырыста оқытушылар А.А. Алмабекова (ҚазҰМУ) және Н.С. Сафарованың (БұхММИ) бір тақырып бойынша өткізген ашық практикалық сабақтары талқыланды. Талқылау барысында химия мен биохимияның пәнаралық интеграциясы мәселелері көтерілді, екі оқыту әдістемесінің оң жақтары табылды, болашақта екі кафедрада да қолдануға болады.
Сонымен қатар химия пәнінен силлабустарға, тақырыптық жоспарларға, тест сұрақтарына, жағдаяттық есептер мен тест тапсырмаларына салыстырмалы талдау жасалды. Өзара пайдалы ұсыныстар берілді. Екі университеттің оқу процесінде қолданылатын орыс және ағылшын тілдеріндегі оқу-әдістемелік әдебиеттерге ерекше көңіл бөлінді. Медициналық химия кафедрасының жетекші оқытушысы, интерактивті оқыту әдістемесі бойынша әдістемелік құралдың авторы Сафарова Нафиса Сулаймонқызымен интерактивті оқыту әдістерін жүргізу бойынша тәжірибе алмастық.
Академиялық ұтқырлық аясында алға қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізілді. Іс-шаралар талқыланып, оқу және ғылыми жұмыста тәжірибе алмасу, университеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарлары белгіленді.
БұхММИ-дегі әріптестер тек қана жақсы ұстаздар ғана емес, сонымен қатар туған жерінің тарихын білетін өз қаласының – шағын Отанының патриоттары. Ескі қаланы аралап, Бұхараның қалай құрылуы туралы әңгімеледік. Қазіргі уақытта Бұхараның көне бөлігі әлі күнге дейін өзінің бастапқы құрылымын – Арк бекінісін, Шахристанды және Шахруд каналын сақтап қалған «тірі» қала болып қала береді.
Екі серіктес университет басшыларына, ҚазҰМУ ректоры Шоранов Марат Едігеұлына және БұхММИ ректоры Тешаев Шухрат Жұмаұлына тәжірибе алмасуға, білімдерін молайтуға, мәдени байытуға, жаңа жоспарлар құруға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз.
БұхММИ халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ниязов Ләзиз Нұрханұлына шақырғаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз, ынтымақтастықтың одан әрі жемісті болатынына сенеміз.