Павлодар қаласынан Бас жүлдемен оралған «ҚазҰМУ студенттік театры»
Биылғы 2015 жылдың 13-18 сәуір күндері аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ұжымының ұйымдастыруымен халықаралық студенттік театрлар фестивалі өткізілді. Осы фестивальға біздің университетіміздің көркемөнерпаздар үйірмесі «ҚазҰМУ студенттік театры» К.Кенжетаевтың «Алдар Көсенің айласы» спектаклімен барып, Бас жүлде иегері атанып, олжалы болып қайтты. Біздің, әу бастағы мақсатымыз Бас жүлдені жеңіп алу болатын. Нық сеніммен барған ойымыз орындалып, ойлаған мақсатымызға жеттік. Студенттер өз сенімін ақтай алды. Спектакльде рольде ойнаған студенттердің барлығы жалпы медицина факультетінен. Университетіміздің студенттік театрына зор шығармашылық табыс тілей келе, әлі де талай жүлделі орындарымен университет атын шығарып, қуанта береді деген ойдамыз.
Бас жүлде құтты болсын, ағайын!