«Пай-пай жас жұбайлар-ай» комедиясы ҚазҰМУ-да болып қайтты
Университетіміздің жылдағы қалыптасқан дәстүрі бойынша «Concordia» шақырады бағдарламасы аясында студенттердің мәдени-рухани байлығын арттыру, ұлттық өнермен жақын таныстыру мақсатында шығармашылық өнер ұжымдары шақырылады. Мәдени бағдарламаға 1 курс студенттері толықтай тартылады. Осы игі істің жалғасы ретінде 2017 жылдың 24 сәуір күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ театрында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 4 курс студенттері М.Хасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар-ай» комедиясын көрсетті. Қойылым режиссері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі М.Ахманов. Жалпы спектакль жас отбасыларының өз алдына шаңырақ құра бастаған кезінде кездесетін бір-біріне деген сенімсіздік, асығыстық шешім қабылдау оқиғаларынан құралған. Жастар арасындағы аяқ астынан пайда болған шиеленіс оңынан шешіліп, бір-бірімен қайта табысады. ҚазҰМУ студенттері спектакль соңында өз ризашылықтарын білдіре келе, ықылас гүлін тарту етті.
Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарма