ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ҚАЗҰМУ 150 МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ – РЕКТОР
Strategy2050.kz тілішісі С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры Талған Сейітжанұлы Нұрғожинмен еліміздегі медициналық білім беру жағдайы мен медицина мамандарының біліктілігі туралы сұхбаттасты.
Талғат Сейітжанұлы, Қазақ Ұлттық медицина университетін бітірген соң қанша студент медицина саласында жұмыс істеуге қалады? Университет түлектердің жұмысқа орналасуына қандай жағдай жасайды?
Соңғы екі жылдың ресми статистикасы бойынша айтар болсам, ҚазҰМУ студенттерінің 100 пайызы медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасқан. Осыдан үш жыл бұрын 2017 жылы жұмыспен қамту көрсеткіші 95 пайыздан төмен еді. Университет студенттерді жұмыспен қамтып қана қоаймайды, сонымен қатар жыл сайын диплом берілгеннен кейін түлектерді өңірлерге жібереді. Біз өңірлерден медицина мамандарының жетіспеушілігі туралы өтініш аламыз да, соған сәйкес түлектерімізді жұмысқа жібереміз. Мәселен, біз осы жылы 100 резидентті дайындап шығарған болсақ, олардың 10-ы Алматыда қалады, 10-ы Солтүтік Қазақстан облысына барып жұмыс істейді, 15-і Түркістан облысына аттанады. Сол сияқты кете береді.
Пандемия кезінде ҚазҰМУ студенттері қалай білім алды? Стационарларда жұмыс істеген студенттердің ішінде ауру жұқтырып алған студенттер болды ма?
Иә, біздің резиденттер провизорлы, инфекционды стационарларда, волонтерлік штабтарда, патологанатомиялық орталықтарда жұмыс істеді. Қуанышымызға орай, кәсіби қызметті орындап жүріп коронавирус жұқтырғандар болмады. Маусым-шілде айларында елдегі эпидахуал күрделі болған кезде медицина мамандары жетіспеді. Сол кезде біздің университеттен 500 интерн мен резидент, 330 профессор COVID-19-бен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеді. Олар көптеген дәрігерлердің орнына еңбек етті. Университет жанындағы клиникалар, университет пен кафедра қызметкерлері 150 мыңға жуық медициналық көмек көрсетті.
Жалпы пандемия оқу процессіне қалай әсер етті?
Пандемия университеттің жұмысына өз түзетулерін енгізді. Бәрі адам ойлағандай болмайды ғой. Өткен оқу жылының соңынан бастап оқу процессінде бірталай өзгерістер болды. Коронавирус Қытайдың Ухань қаласынан тараған алғашқы күннен бастап біздің мамандар тұрақты мониторинг жүргізіп тұрды, пайдалы кеңестермен бөлісті. Біздің профессорлар сол кезден бастап қазақстандықтардың маскалы режимге өтуін айтқан болатын. Біз сол кезде бұл инфекцияның қандай ауыр екенін білдік. Сабақтар түгел онлайн режимге ауысты, басқа қаладағы студенттер үйлеріне қайтты. ҚазҰМУ-дың босаған жатақханасы Алматы қаласының әкімдігіне провизорлы стационарлардағы дәрігерлердің тұруы үшін берілді. Қазір біз оқу процессі жағынан пандемияның пайдалы жақтарын айта аламыз. Біз жедел түрде онлайн оқу жүйесін жаңарту үшін шаралар қолдандық, үздіксіз білім беру үшін жаңа сертификатталған бағдарламалық жасақтамаларды сатып алдық. Осы оқу жылы тек бірінші курс студенттері үшін қашықтан оқумен басталды. Ал жоғары курс, интерндер мен резиденттер оқудың басым бөлігін клиникалық кафедраларда өткізетін болғандықтан, қашықтан оқуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан жоғары курс студенттері аралас режимде – онлайн және оффлайн форматта оқуды жалғастырып жатыр.
Қазақстандағы медициналық білім беру сапасына көңіліңіз тола ма? Қазақстандық медицина мамандарының кәсіби деңгейі туралы не айтасыз? Олардың біліктілігін көтеру мақсатында қандай жұмыстар жасалып жатыр?
ҚазҰМУ еліміздегі негізгі медициналық жоғары оқу орны болғандықтан, ол – дәрігерлерді кәсіби тұрғыда дайындайтын флагман әрі еліміздің денсаулық сақтау саласының локомативі. Әрине, біз әлемдің медициналық білім берудің де бір бөлшегіміз. Сондықтан қазақстандық студенттерінің білім алуы үшін халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу – Қазақстандағы профильді медициналық білім берудегі маңызды қадам болып табылады. Біз студенттеріміздің шетелдік медицина саласының жас мамандарымен еркін бәсеке құра алатын, әлемнің кез келген жерінде жұмысқа орналасуына жағдай жасауға талпынамыз. Қазақ Ұлттық медицина университетінде 89 білім беру бағдарламалары бар. Оның 23-і 2019 жылы пайда болды. Университетке берілген автономияның арқасында жаңа білім беру бағдарламалары мен жаңа жобалар іске қосылып отырады. ҚазҰМУ-дың магистратура және доктаратурасында өзіндік бағдарламалар құрылды: магитратурада – биомедицина, денсаулық сақтау саласындағы менеджмент, электронды денсаулық сақтау, жаһандық денсаулық, эпидемиология, денсаулық сақтау саласындағы психология, фармациядағы косметология; доктарантурады – медбикелік ғылым. Бұдан бөлек университет Қазақстан мен Британия техникалық университетімен бірлесіп, «Биоинформатика» магистратура бағдарламасын дайындады. Санкт-Петербург химия-фармацевтика университеті және АҚШ-тың UA SUNY университетімен бірігіп қос дипломдар беріледі.
Студенттер көбінесе қандай факультетті таңдайды? Қай мамандыққа түсу қиынырақ? Қандай мамандыққа мемлекеттік грант көбірек бөлінеді?
Қазақ Ұлттық медицина университетінде факультеттер емес, мектептер бар. Олардың жалпы саны: 6. Жалпы медицина мектебі, Х.Досмұхаммедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, стоматология мектебі, фармация мектебі, халықаралық медицина мектебі, педиатрия мектебі. Алғашқы екеуіне түсушілер көбірек. Дәстүр бойынша, ҚазҰМУ – Қазақстандағы ЖОО ішінде ең жоғары баллды талап ететін университеттің бірі. Медициналық университетке түсу қиын, ал мұнда оқу одан да қиынырақ. Конкурстың үлкендігіне қарамастан, біздің университетке түсем деуші талапкердің саны көп. Бір орынға 10 үміткерден келеді. Мысаы, биыл 1000 студент мемлекеттік грантқа ие болды. Грантпен оқитын студенттердің саны ақылы бөлімдегі студенттердің санынан асып түседі. Бұл дегеніміз мемлекет білім беру гранттарын медицина саласына беретінін білдіреді. Біз мемлекеттік грант саны жыл сайын өсіп отырады деп үміттенеміз.
Қазақстанның жас медицина мамандарын дайындаудағы ҚазҰМУ-дың үлесі туралы айтып беріңізші.
ҚазҰМУ білім беру бағдарламаларын ұдайы жаңартып отырады, оқу процессіне жаңашылдық енгізуге тырысады, практикалық сабақтарды көбейту үшін университет жанындағы клиникалар желісін арттыру үшін жұмыс істейді. Осы жылы университет құрылымынан 5 ғылыми-зерттеу орталығы қосылды. Жаңа медициналық ұйымдар ашылып жатыр – офтальмологиялық орталық, осы жерде студенттердің білім алуы үшін арнайы кафедра ашылды. Өткен жылы медициналық мамандық саны тағы бір қазіргі таңда өте танымал мамандыққа артты, ол – пластикалық хирургия. Біз Қазақстандағы жетекші пластикалық хирургия клиникалары базасында осындай мамандарды әзірлейтін алғашқы университет болып отырмыз. 2020-2021 оқу жылында пластикалық хирургия кафедрасына резиденттердің екінші легін қабылдады. Осы жылы университеттің ынталандыру орталығын толық жаңарттық. Соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталды, Орталықтың алаңы 3500 шаршы метрге кеңейді. Студенттер жоғары технологиялық интерактивті техникамен оқып жатыр. Мұндай техниканың саны қазір университетте 550 бірлік. Қазақстанды мұндай симуляциялы орталықтың баламасы әзірге жоқ.
Кәсіби медицина маманы ретінде халықтық медицина туралы пікіріңізді білгім келеді. Емшілер мен балгерлердің емі туралы не ойлайсыз?
Дәстүрлі емес медицинаның ең басты кемшілігі – кәсіби медициналық ем қабылдауға кепілдік бермеуі. Өзіңіз ойлап қараңыз, адам белгілі бір патологиядан зардап шегеді де, ем үшін белгісіз бір емшіге барады. Емші кәсіби түрде емдеу әдістерін білмейді, бірақ сол потологияны емдейтін дұға оқып, ғажайып жақпамайды береді. Иә, мойындаймын, клиникалық жағдайда осындай дәстүрлі емес медицинаның өкілдеріне барып шипалы ем қабылдаған, аурудан айыққан жағдайлар болды. Бірақ, бұл емшінің емес адамның өз-өзін сол аурудан жазылып кетуіне сендіруінен болды. Медицинада бұрыннан плацебо әдісімен емдеу бар. Науқасқа жәй суды береді немесе глюкозаны салады, бірақ оған бұл өте жоғары әсері бар ғажайып препарат деп сендіреді. Ол сенімнің арқасында жазылып кетеді. Егер пациенттер осындай иландыру, сендіру арқылы емделуге қарсы болмаса , мұнда тұрған ештеңе жоқ. Егер тек қана халықтық медицинаға сеніп, дәстүрлі медицинадан бас тартса, науқас келеңсіз жағдайға тап болуы мүмкін.
Қазақ Ұлттық медицина университетінде шетелден келіп білім алатын студенттер бар ма?
Осы жылы униыерситет 1578 студентті қабылдады. Айта кету керек, резиденттер саны едәуір өсті: биыл олардың саны 453. 2017 жылы 153 болды. ҚазҰМУ шетелдік студенттердің арасында беделге ие. 2020 жылы әлемнің 19 мемлекетінен студенттер оқуға түсті. Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Египет, Ресей, Моңғолия, Түркменстан, Иордания, Қытай, Пәкістан, Түркия, Оңтүстік Корея, Палестина, АҚШ, Үндістан, Бангладеш, Қырғызстан, Израиль, Ираннан келген студенттер оқып жатыр. ҚазұМУ Қазақстандағы ЖОО ішінде шетелдік студенттердің үлесі көп бірден бір университет болып саналады. 2020 жылы барлық курста жалпы саны 1205 болатын шетелдік студенттер оқып жатыр.
Күн сайын науқастармен жұмыс істеп, позитивті көңіл-күйді сақтап қалу үшін не істеуге болады деп ойлайсыз? Дәрігерлерге оңай емес қой.
Конфуций айтқан: «Өзіңіз жақсы көретін жұмысты тауып алыңыз, сонда өміріңіздің бірде-бір күнін еңбектенумен өткізбейсіз». Мен студенттеріміз жүректің қалауымен бұл мамандықты таңдайтынына сенімдімін. Егер бұл мамандықты жан-тәніңмен қаламасаң, өміріңнің 10 немесе одан да көп жылын осы мамандықты игеруге, білім алуға жұмсамайсың ғой. Әрине, әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орындарындағы дәрігердің жұмысы өте қиын. Бірақ өмірлік маңызы бар. Және мен барлық медицина мамандарына осы жолды жүріп өтуге кеңес берер едім. Қазіргі пандемия жағдайында мемлекет билігі, Үкімет пен қоғам медицина саласы мамандарының маңыздылығын түсінді. Енді дәрігерлердің жалақысы тек өседі, әлеуметтік жағдайы жақсарады. Өйткені, дәрігерлік бүкіл әлемде маңызы өте жоғары кәсіп болған және солай қала бермек.
Медицинаның қай мамандықтарына сұраныс көбейеді? Дәрігерлерді не күтіп тұр?
Қазақстанда бүгінгі таңда барлық медициналық мамандық сұранысқа ие. Фельдшерден бастап, бейінді нейрохирургтарға дейін. Эпидемиологтар мен пульмонологтар пандемиядан кейін сұранысқа ие дәрігерлер рейтингінде ерекше орынға ие болады. Бірақ мен дәрігерлердің икемі мен аттестациядан өтіп тұруының маңыздылығын айтқым келеді. Медицина қызметкерлеріне биліктен бастап пациенттер тарапынан қойылатын талап жоғары екенін естен шығармау керек. Дәрігердің қателігі туралы жауапкершілік қылмыстық кодекстен шығып әкімшілік жауапкершілікке өтеді деп сенемін. Алайда, дәрігерге артылатын жауапкершіліктің салмағы бәрібір ауыр орында қала бермек. Денсаулық туралы жаңа Кодек медицина мамандарының міндетті аттастациядан өткі туралы мәселені қарайды. Біз еліміздегі ең басты медициналық жоғары оқу орны ретінде бұл сұраққа асқан жауапкершілікпен қараймыз. Дипломы бар маман кәсіби жұмысқа кіріскенде теориялық және практикалық білімі жеткілікті болғаны дұрыс.
Талған Сейітжанұлы, сұқбаттасқаныңызға рақмет!
Толығырақ: https://strategy2050.kz/news/az-mu-elimizdi-densauly-sa-tau-salasyny-lokomativi-rektor-/