ҚазҰМУ-да Тәуелсіздік күніне арналған«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ: ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ, БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» атты мерекелік іс-шарасы өтті
2025 жылғы 5 желтоқсанда С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің «Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша 4-курс студенттері болды. шара эдвайзерлер мен ғылыми кітапхананың қолдауымен өткізілді.
Іс-шара Мемлекеттік Әнұранның салтанатты орындалуымен ашылып, бұл сәт мерекеге бірлік пен ұлттық құндылықтарға деген терең құрметтің айрықша рухын берді.
Құрметті қонақтар тарапынан құттықтау сөздер айтылды.
Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының эдвайзері Г.А. Бегимбетова студенттердің бастамашылдығын жоғары бағалап, рухани мұраны, ұлттық дәстүрлерді және мемлекет тарихына құрметпен қараудың маңызын атап өтті. ҚазҰМУ ғылыми кітапханасының ақпараттық-әдістемілік бөлім меңгерушісі С.А Елеукенова қазіргі студенттің үйлесімді әрі белсенді тұлға болып қалыптасуында патриоттық тәрбие мен азаматтық жауапкершіліктің маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
Бағдарлама аясында ғылыми кітапхана дайындаған «Желтоқсан жаңғырығы» атты тақырыптық кітап көрмесі таныстырылды. 4 курс студенттері «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты мазмұнды презентация ұсынып, егемен еліміздің қалыптасуы мен даму кезеңдерін жан-жақты көрсетті.
Шара барысында көрсетілген патриоттық бейнематериалдар, 4 курс студенті Жаһанша Ерболаттың күй орындауы, сондай-ақ «Атамекен» әнінің шырқалуы мерекенің рухын ерекше айшықтады. Сонымен қатар Астана медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 4 курс студенттерінің қонақ ретінде қатысуы іс-шараның мазмұнын байыта түсті.
Ерекше әсер қалдырған қойылымдардың бірі — 4 курс студенттері Маратбекова Аяулым, Утепова Нұрпатша, Кошкарбаева Аружан және Ерболқызы Ақбота орындаған мәнерлеп оқу болды. Олардың жүректен шыққан, терең сезіммен жеткізілген сөздері мерекенің рухын ашып, қатысушыларға патриоттық жігер мен шабыт сыйлады.
Іс-шараны қорытындылай келе, мектептің аға кураторы Жанат Бекмуханбетқызы Бейсенбинова жастар арасында патриоттық тәрбиені нығайтудың, тарихты құрметтеудің және ұлттық құндылықтарды сақтау жауапкершілігінің маңызын атап өтті.
Іс-шарада сондай-ақ эпидемиология кафедрасының меңгерушісі Мергенова Гаухар Айдарбекқызы сөз сөйледі. Тәуелсіздік күніне орай айтылған өзінің үндеуінде ол жастарды патриотизмге шақырып, осы мерекенің маңыздылығын және азаматтық жауапкершілік пен ұлттық бірлікті қалыптастырудағы зор рөлін атап өтті.
Мерекелік бағдарлама мазмұндылығымен ерекшеленіп, студенттерді тәуелсіздік идеясы, ұлттық бірегейлік және азаматтық жауапкершілік құндылықтары төңірегінде біріктірген жарқын шара болды.


















