ҚазҰМУ ректоры: Президент Жолдауы үміт пен сенімділік ұялатады
Кеше Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделу керектігін айтты:
- Игіліктер мен міндеттердің әділ бөлінісі.
- Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі.
- Әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу.
- Өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру.
- Адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту.
- «Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау.
- Мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдау және сол үшін қоғам алдында жауапты болу.
«Бұл ретте біз бәсекеге қабілеттігімізді көрсететін артықшылығымызға және нақты мүмкіндіктерімізге сүйенуіміз керек», – деп Мемлекет басшысы айтып өтті. Ұзаққа созылған мұнай дәуірі аяқталған сияқты. Әлемдік нарықтың мүлде жаңа ахуалына дайын болу керек. Президент әртараптандырылған, технологиялық экономиканы құру мәселесін дұрыс көтеріп отыр. Дәл осы ретте медицина мұнайға тәуелділіктен арылудың, инновациялар жасаудың және республикамызға жаңа инвестициялар тартудың ең жақсы жолдарының бірі бола алады. Қазақстан қазірдің өзінде медициналық туризм үшін ең тартымды бағыттардың біріне айналуда, бұл аймақтағы ең төмен бағамен медициналық қызметтердің жоғары сапасымен шетелдік клиенттерді тартады.
«Алмағайып дүниеде жедел шешім қабылдай алмау ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін», – деді Мемлекет Басшысы. Денсаулық сақтау саласында шешім қабылдауды жеделдетіп, медициналық университеттерге одан да дербестік беру қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев ана мен бала мәселесін де көтерді. Өкінішке қарай, Қазақстанда әр¬бір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандастарымыздың 20 пайызға жуығы мұны ажырасуға негіз болатын елеулі себеп деп санайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының еліміздегі халық санының өсіміне қатысты болжамы Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда көңіл көншітпейді. Мемлекет басшысы Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. “ Экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту қажет ”, – деп Президент атап өтті.
Біз ұсынылған шараларды толығымен қолдаймыз, өйткені егер біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ете алмасақ, бәрі бекер болмақ. Жоғары білім беру саласындағы сапасыз оқу орындарының жабылуына қатысты қатаң шаралар үшін Президентке алғыс айтамыз. Бақылау күшейтілетіні қуантады, өйткені барлық қажетті тексерулерден өткен сапалы мамандар ғана диплом алуы керек. Әуесқойлар еш жерде болмауы керек, әсіресе медицина саласында. Дәрігер болу құқығына емтиханға тек ең жақсы студенттер ғана жіберілуі керек.
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі айтылған жоспарлар да қуантып отыр. Жыл соңына дейін еліміздің аймақтарында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл – осы мақсатқа орай 1,5 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз. Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 көпсалалы медициналық орталық салынады. Бұл орталықтар еліміздің бетке ұстар мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін беретін болады.
Медицина қызметкерлері атынан Жолдауда айтылған екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлерін ынталандыратын қосымша төлем үшін 150 миллиард теңге бөлу туралы шешімге алғыс білдіреміз. Барлық медицина қауымдастығы сондай-ақ дәрігерлердің жалақысын 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе арттыру жөніндегі ұсынысты қолдайды. Дәрігерлердің еңбегі өте жоғары бағалануы керек, өйткені дәрігерлердің қолында еліміздің денсаулығы, біздің болашағымыз.
Әсіресе, Қазақстанда барлық негізгі медициналық препараттарды өндіру тапсырмасы қуантады. Коронавирустық дағдарыс басталған кезде, көптеген дәрі-дәрмектер, медициналық маскалар шетелден әкелінуі керек болған кездегі тундаған қиындықтар бәріміздің есімізде. Мұндай проблемалар қайталанбауы керек.
Үкіметке медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді (мүмкін 10 жылға) болжамын жасау тапсырмасына жеке назар аудару қажет. Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының қауымдастығы елді ең үздік мамандармен қамтамасыз ету міндетін абыроймен атқаратыны сөзсіз. Жалпы, Президент жолдауы біздің мемлекетіміздің, қазақстандық медицинаның жарқын болашағына үміт пен сенім ұялатады.
Мәлім етілген мақсаттар – барлық медицина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен толық жарақтандыру, науқастарға арналған орындар қорын 50 пайызға жаңарту, ескірген инфрақұрылымды ауыстыру, өмір ұзақтығын болжамды 75 жасқа дейін жеткізу – біздің денсаулық сақтау үшін қолжетімді және іске асырылатын нәрсе. Біз барлық тапсырмаларды жүйелі түрде орындап, Жолдауда қойылған барлық міндеттерге қол жеткізе алатынымызға нық сенімдіміз.