Көпшілікке хабарлау профессор Андрей Александровпен кездесу
Құрметті студенттер!
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті сіздерді тамырлы неврология саласындағы көрнекті маманмен кездесуге шақырады:
Профессор Андрей Александров, MD, АҚШ, Аризона Университеті Медициналық колледжінің неврология кафедрасының меңгерушісі.
Күні мен уақыты: 2024 жылғы 21 мамыр, сағат 11:00
Өткізілетін орны: С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бас корпусы, Альбина Котова атындағы зал.
Кездесудің тақырыбы: «Жалпы тамырлы және интервенциялық неврологиядан бастап»
Мақсатты аудитория: Келешекте өз өмірін неврологиямен, нейрохирургиямен байланыстырғысы келетін студенттер, және неврология, нейрохирургия, кардиология және кардиохирургия салаларында маманданған резиденттер.
Бұл кездесу тамырлы және интервенциялық неврология саласындағы қазіргі заманғы үрдістер мен тәжірибелерді терең зерделеу үшін тамаша мүмкіндік болады. Сіз өзіңіздің сұрақтарыңызды қойып, өзекті мәселелерді талқылап, жетекшілермен тәжірибе алмаса аласыз.
Біліктілігіңізді арттыру және кәсіби, білім көкжиектеріңізді кеңейту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Сіздерді іс-шарада асыға күтеміз!