Профессор Алма Дандыбаевнаны еске алу құрметіне арналған «Жарқын бейне» атты студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы
«Қалыпты физиология биофизика курсымен» кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 26 қарашасында 7-корпустың 2-аудиториясында профессор Алма Дандыбаевнаны еске алу құрметіне арналған «Жарқын бейне» атты студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының I кезеңі өтті.
Байқауға 1–2 курс студенттері қатысып, 18 ғылыми зерттеу жұмысын ұсынды. Студенттер жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетіп, қазылар алқасынан құнды кері байланыс алды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушы — Қалыпты физиология кафедрасының ассистенті Бекенова А.С.
Қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Жеңімпаздар:
1-орын иегерлері:
– «Физиологическая оценка экзаменационного стресса у студентов-медиков и создание ИИ-ассистента для его коррекции»
2 курс, Мед24-052 — Шайки Хантемир, Сейтнуров Нурадил
2-орын иегерлері:
– «Влияние «цветного» шума на качество сна.»
2 курс, Мед24-052 — Турмагамбет Аль-Фараби
– Психоэмоциялық дискомфорт тудыратын стимулдарға орталық және вегетативті жүйелердің жауап беру механизмдерін зерттеу
2 курс, Мед24-09 — Ажибай Нурдаулет Ерменбекұлы, Оспан Мадина Мақсатқызы
3-орын иегерлері:
– «Biophysical analysis of human thermal stress using high-precision meteorological data with digital modelling»
1 курс, Пед25-035а — Уринбасарова Дария, Ашкей Ажар
– ҚазҰМУ студенттерінің профессионалдық күйінуі
2 курс, Мед24-001қ — Бахирхан Нурай, Естибай Аяулым







