Профессор А. Ақанов шәкіртақысына конкурсқа қатысушылар үшін құжаттарды тапсыру мерзімі ұзартылды
«Қоғамдық денсаулық сақтау институты» жеке меншік мекемесі коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты төтенше жағдай режимінің енгізілуіне және білім беру үрдісін қашықтықтан оқытуға ауыстыруға байланысты профессор А. Ақанов стипендиясына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жинау мерзімі 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылғанын хабарлайды. Құжаттарды тек электронды түрде (құжаттардың скан үлгісін) iph_info @mail.ru электрондық поштасына тапсыру қажет.
Қосымша сұрақтар үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: + 77015832333
Институт өкілі – Индершиев Арслан Мурзабекович