Профессор Катира Өмірзаққызы Урумбаева дұниеден өтті
84 жасында С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының профессоры Катира Өмірзаққызы Урумбаева қайтыс болды, дарынды ұйымдастырушы, Ұстаз, әділ және позитивті адам.
Урумбаева Катира Өмірзаққызы емдеу факультетін бітіргеннен соң 1964 жылы АММИ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында аспирантураға түсті. 1969 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.
Еңбек жолын 1967 жылы ассистент болып микробиология, вирусология және иммунология кафедрасынан бастады. Оның басшылығымен емдеу факультетінде және жаңадан ұйымдастырылған санитарлық-гигиеналық факультеттерінде оқу үрдісі ұйымдастырылды. Оқытушылар мен студенттерге арналған 72 әдістемелік нұсқаулар мен оқу құралдарының авторы, 5 оқу-әдістемелік құралдардың соавторы. 98 ғылыми мақала жариялады
Кафедрадағы жұмысымен қатар университеттің қоғамдық және әкімшілік ұйымдарының мүшесі бола отырып, институттың қоғамдық өміріне белсенді қатысты. Емдеу факультеті кәсіподақ ұйымының мүшесі, университет кәсіподақ комитетінің мүшесі, емдеу факультеті деканының орынбасары (1980-1988 жж.), сол факультеттің деканы (2000-2005 жж.) қызметтерін атқарды.
1995 жылы университеттің тестілеу орталығының жұмысын ұйымдастырды және 1998 жылға дейін басқарды, ол орталық бүгінгі күнге дейін жұмыс істеді.
20 жыл бойы (1988-2008) университеттің ғылыми хатшысы қызметін атқарды. Бірнеше рет Университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды. Медициналық-биологиялық пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясының мүшесі, микробиология және жұқпалы аурулар жөніндегі проблемалық комиссияның мүшесі, университеттің Ғылыми кеңесінің мүшесі, конкурстық комиссияның мүшесі қызметтерін атқарды. 2014-2016 жылдары Университет ардагерлер кеңесінің төрайымы болды.
Ең алғашқы болып 2001 жылы Катира Өмірзаққызы Урумбаева университеттің академиялық профессоры атағына ие болды.
Адал еңбегі және жоғары білікті мамандарды дайындағаны үшін: «КСРО Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Жоғары мектептің үздігі» төсбелгісімен, «ҚР Конституциясына 10 жылдық» төсбелгісімен, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Коммунистік еңбек үздігі», «Кәсіби топтағы белсенді жұмысы үшін». «ҚазКСР Халық ағарту ісінің үздігі» атағы, КСРО Білім Министрлігінің құрмет грамоталары және ректордың грамоталары, бірқатар алғыс хаттардың иегері.
ҚазҰМУ медициналық білім беруді ұйымдастырушы, Ұстазға, жарқын естелік. Катира Өмірзаққызы Урумбаеваның белсенділігі, даналығы, көңілділігі, мақсатқа ұмтылуы біз үшін үлгі болды.
ҚазҰМУ ұжымы микробиология, вирусология кафедрасының профессоры Мұстафина Камила Камалқызына және Урумбаева Катира Өмірзаққызының барлық жақындарына көңіл айтады.