Профессор Сәкен Әміреұлын 80 жылдық мерейтойымен құттықтау
Аса қадірлі Сәкен Әміреұлы!
Қазақстан медицина ғылымының жарқын жұлдызының бірі және бірегейі ҚР оқыту ісінің нағыз майталманы, жастарды ғылым-білімге баулудың шаң жуытпас тарланы Сәкен Әміреұлының дүние есігін ашқанына үстіміздегі доңыз жылының 5 қаңтарында аттай 80 жыл толып отыр.
Бір ғажабы бала Сәкен бойында табиғи тылсым күш болғанын мойындауға тура келеді, неге десеңіз малды ауылда өскен жас өз алдына биік мақсат – адам (қоғам) денсаулығын «қалайша жақсартам» деген талап қойды. «Талапты ерге нұр жауар» дегендей Алматы медицина институтын бітірісімен қиындығы ұшан теңіз, болашағы мұнарлы эпидемиология мамандығын игеруге бар күш-жігерін жұмсады. Ол сонау аспиранттық кезеңнен бастап ғылым құндылығын тереңдете қазумен қатар оқытушылық тауқыметін бірге атқаруға машықтанды.
Үздіксіз ізденістер, тәжірибелер қою кезіндегі ұйқысыз өткізген түндер көп ұзамай медицина ғылымдары кандидаты (1970) докторы (1988) атағын алуға қол жеткізді.
Сәкен Әміреұлы медицинамен қатар ветеринария саласына қомақты үлес қосқан әмбебап ғалым, оған токсоплазмоз бен бруцеллезге қатысты ғылыми еңбектері мен басылымдары дәлел.
Сәкен Әміреұлы жігерлі, табанды, тайсалмас басшы ретінде КИЭМ-де бруцеллез лабораториясын, ҚазҰМУ-де эпидемиология кафедрасын, Аспетов атындағы вакцинология мектебін, Астанада Екпелер бойынша консультативтік комиссиясын ұйымдастыруды, осы ұйымдар мен ұжымдардың жұмысын аброймен атқару-жаңашылдық айғағы.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Сәкен Әміреұлының ғылыми-педогогикалық жетістіктері ерекше зор жетістіктері ерекше зор қарқынмен өрбіді. Соңғы онжылдықта осы бағыттағы ондаған томдар қазақ, орыс тілдерінде баспадан шықты, бұдан біз Сәкен Әміреұлын қазақ тілінің жанашыры екендігін, ҚР-да қос тілділік саясатының толық сақталғандығын көреміз.
Сәкен Әміреұлы – өте кең пейілді, мейірбан қаламгер, оның әріптес авторлары қатарында кафедра қызметкерлерінен бөлек Қазақстандық ғалымдар мен практикалық дәрігерлері; Ресей, Өзбек, Қырғыз т.б. бірнеше ғалымдар бар. Олардың жалпы саны 50-ден асады.
Сәкен Әміреұлы- ұлағатты ұстаз, оның жетекшілігімен аса ғылым 27 кандидаттары мен 11 докторлары, 17 магистранттары мен pH-докторлары өз еңбектерін қорғап, тиісті диплом алды.
Сәкен Әміреұлының медицина ғылымы мен практикасына қосқан жаңашыл үлесі тым қомақты:
– мал шаруашылығы мамандарын бруцеллезге қарсы иммунизациялау тиімсіздігі дәлелденіп, ол тоқтатылды, Нәтижесінде айтарлықтай экономикалық шығын үнемделді;
– жұқпалы және паразитарлық ауаулардың стандартты анықтамалары мен іс-шаралар алгоритмдерін жасап, оларды күнделікті эпидемиологиялық қадағалау практикасына енгізу. Бұл ТМД және алғаш рет іске асырылып келеді, экномикалық тиімділігі орасан жоғары;
– ТМД елдерінде (Ресейден кейін) алғашқы болып «Қолданыстағы иммунизация» Ұлттық нұсқаулығынпрактикаға енгізу. Бұл вакциналармен реттелетін бірқатар жұқпаларды элиминациялау мен күртазайтуға жол ашады;
Сәкен Әміреұлының еселі еңбегі жоғары бағаланды, ол ҚР «Үздік оқытушы» атағын алды, Мемлекеттік сыйлық пен ондаған мақтау қағаздары мен сертификаттары иегері.
Сәкен Әміреұлы «аларымды алдым, берерімді бердім деп қарап отырған жоқ, бүгін де қатарда ғылыми-педогогикалық жұмысын жаслғастыруда.
Эпидемиология кафедрасының ұжымы Сәкен Әміреұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қоғамға кіршіксіз еңбек етуін, «пайдаңды жақсы білсең көпке тигіз» қағидасын әрқашан ұстануды тілейді.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/профессор-сәкен-әміреұлын-80-жылдық-мер/