Профессор Қ.Төлебаев атындағы шәкіртақы байқауының қортындысы
Қыркүйек айының басында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі -Ассоциация) «Профессор Қ.Төлебаевтың шәкіртақысы» жайлы конкурс жариялады.
Шәкіртақының мақсаты С.Ж.Асфендияроватындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (бұдан әрі ҚазҰМУ) бакалавриат студенттерін, интерндерін, резиденттерін, магистранттарын және докторанттарынденсаулық сақтау мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге, жоғары әлеуметтік белсенділік танытуға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталадыру болып табылады.Конкурсқа қатысу үшін баспа құралдары және Ассоциацияның электронды поштасы арқылы 17 өтініш келіп түсті.
24.09.2018 жылы Ассоциацияның комиссиясымен«Профессор Қ.Төлебаевтың шәкіртақысына» өтініштер қаралды.
Өтінішті қарастыру кезінде «Профессор Қ.Төлебаевтыңшәкіртақысы» туралы Ереженің сандық және сапалық өлшемдерімен сәйкестік ескерілді.
Өтініштерді қарау және талдау нәтижесінде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жалпы медицина факультетінің 5 курс студенті Солтанай Жәнібек жеңімпаз атанды.