Профессор Қ. Төлебаев шәкіртақысына конкурсқа қатысушылар үшін құжаттарды тапсыру мерзімі ұзартылды
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты төтенше жағдай режимінің енгізілуіне және білім беру үрдісін қашықтықтан оқытуға ауыстыруға байланысты профессор Қ. Төлебаев стипендиясына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жинау мерзімі 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылғанын хабарлайды. Құжаттарды тек электронды түрде (құжаттардың скан үлгісін) oul_info @mail.ru электрондық поштасына тапсыру қажет.
Қосымша сұрақтар үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: + 77071752289
Ассоциация өкілі – Цой Юлия