Профессор Atsumasa Komori визитингі
17 – 23 қазан 2015 ж аралығында ҚазҰМУ-не визитинг-профессор Atsumasa Komori M.D., PhD (Clinical Research Center, NHO Nagasaki Medical Center, Nagasaki University Graduate School of Biomedical Sciences, Japan) келді. A.Komori бауырдың созылмалы аутоиммунды аурулары, созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр ісіктерін диагностикалау және емдеу саласында маман болып қызмет атқарады.
A.Komori–дің университетке келу уақытында университет және біріккен университет клиникасы әкімшілігімен алдынғы уақытқа бағытталған ҚазҰМУ және Nagasaki Medical Center арасында оқу, ғылым және клиникалық жұмыстарды ары қарай дамытуды талқылады. Ынтымақтастықты дамыту мақсатынада гепатология саласында бірегей ғылыми зерттеулер; ҚазҰМУ гепатологиялық орталықта бауыр аурулары бар науқастарға заманауи диагностика әдістері мен емдеу медициналық ұйымдастыру; гепатология пәні бойынша оқу бағдарламасын өңдеу және дамыту; резиденттер мен магистранттарға академиялық мобильділікті дамыту және PhD докторанттарды дайындау жоспарланды.
«Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Бауыр аурулары» пәні бойынша оқу бағдарламасы өткізлді.
БУК орталығында БУК дәрігерлеріне, «Гепатология», «Қант диабеті» модулдері, «Эндокринология» кафедрасы оқытушыларына мастер класстар, бауырдың созылмалы аурулары бар науқастарға кеңестер беріліп, БУК дәрігерлерімен дөңгелек үстелдер және бауыр ауруларымен ауыратын науқастардың мониторингін жасау, емдеу және айқындау мәселелері талқыланды.
№1 Біріккен Университет Клиникасында А. Комори бауырдың созылмалы ауруы бар 25 науқасқа диагнозын анықтау және ары қарай емдеу тактикасы бойынша кеңес жүргізілді.