Пәкістандық brainys Concepts Private Limited компаниясы ҚазҰМУ үшін жатақхана салуға қаражат бөлуді жоспарлап отыр
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жоғары оқу орны басшылығының brainys Concepts Private Limited пәкістандық компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті. Бұл ұйым Пәкістаннан келген студенттерге Қазақстанда білім алуға көмек көрсетеді.
Шетелдік компания өкілдері ҚазҰМУ-мен тығыз ынтымақтастыққа үміт білдіріп, бұл жоғары оқу орны беделді және шетелде танымал білім беру мекемесі болып табылатынын атап өтті. Пәкістанда қонақтар атап өткендей, жоғары оқу орындарының тапшылығынан жыл сайын мыңға жуық студенттің жоғары білім алуға мүмкіндігі жоқ. Brainys Concepts Private Limited компаниясы ҚазҰМУ-да оқу үшін студенттерді жолдаумен айналысуға ниетті. Ол үшін ұйым өкілдері барлық ұйымдастырушылық жұмыстарды өз мойнына алуға, сондай-ақ білім беру қызметтеріне ақы төлеу бойынша кепілгер ретінде әрекет етуге дайын.
ҚазҰМУ басшылығының өкілдері университеттің шетелдік студенттерді оқытуда үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. ҚазҰМУ қазақстандық жоғары оқу орындары арасында оқитын шетелдік студенттер саны бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазір ҚазҰМУ-да әлемнің 31 елінен 2,5 мыңға жуық шетелдік азамат медициналық білім алуда. Шетелдіктер әртүрлі медицина мамандықтары бойынша оқиды, ал оқуды аяқтағаннан кейін клиникалық кафедраларда тәжірибеден өтеді.
Brainys Concepts Private Limited компаниясының өкілдері Пәкістанда медициналық мамандықтарға студенттерді әзірлеуге кірісуге дайын екендіктерін атап өтті, бұл ретте кандидаттарды қатаң іріктеуді жүргізуге кепілдік береді. Сондай-ақ, компания өкілдері қаржы қаражатын ҚазҰМУ-дың білім беру инфрақұрылымын дамытуға инвестициялауға ниетті. Атап айтқанда, жатақхана, ағылшын тілінде оқытуға арналған жаңа кампус салу және университеттің басқа да мәдени және әлеуметтік қажеттіліктеріне қаржы бөлуге дайын.
Тараптар бірлескен ынтымақтастық орнатуға және жақын арада жасалған уағдаластықтарды меморандумда бекітуге келісті.