Республикалық референдум конституциялық өзгерістердің шынайылығының негізі
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы 2022 жылы 5 маусымда өтетін республикалық референдумға байланысты С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университететінде дипломнан кейінгі білім беру факультетінің және магистратура және PhD докторантура бөлімінің білім алушылары арасында ҚазҰМУ-дің медициналық құқық кафедрасының профессоры, з.ғ.д. Б.А.Тайторинаның қатысуымен 2022 жылы 19 мамыр күні «Республикалық референдум конституциялық өзгерістердің шынайылығының негізі» тақырыбында, 20 мамыр күні «Конституциялық реформа – Конституциялық тұрақтылықты қамтамасыз ету тетігі (механизмі)» тақырыбында онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында Б.А.Тайторина кездесуге қатысушы профессор-оқытушылар құрамына және білім алушыларға республикалық референдумның еліміз және қоғамымыз үшін маңыздылығын мен қажеттілігін түсіндірді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға жалпы және әр баптағы өзгерістерге жеке тоқталып, кездесуге қатысушыларға референдум өткізудің тәртібін де түсіндірді.
Кездесуге қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, баяндамашыға
сұрақтарын қойды және әр сұраққа нақты жауап берілді. Екі кездесу де осы форматта өтті.