«Референдум қорытындысы бойынша» жастар форумы
2026 жылғы 30 наурызда ҚазҰМУ-да еліміздің медицина жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Референдум қорытындысы бойынша» жастар форумы өтеді.
Іс-шараға студенттер, профессорлық-оқытушылық құрам және студенттік ұйымдардың өкілдері қатысады.
Форум барысында Референдум қорытындылары, конституциялық өзгерістер және құқықтық мәдениет мәселелері талқыланады.
Сондай-ақ медицина жоғары оқу орындарының қызметкерлері, профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталады.


