«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтеді
2018 жылы 2 наурыз күні сағат 15.00-де С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Даңк Залында» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Репродуктивті медицина институтының дәрігері Айтқожина Ләззат Кенжебайқызы және А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың бөлім меңгерушісі Қуандықов Тілеуберді Кеңесбайұлы дипломнан кейін білім беру факультетінің интерндерімен кездеседі.