«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілетін іс-шаралар ретінде
Кураторлық ҚДС 16-003 ( куратор: Мейірғазықызы А.), ҚДС 001-1, 001-2, ЖП 02-01 топтарымен (оқытушы: Ергешбаева Р.Б.) тәрбие жұмысы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық мұражайына бардық (13.02.19ж)
Аталмыш мұражай Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азия аумағына танымал, бірегей әрі көне мұражайлардың бірі. Оның қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады. Қазіргі таңда мұражайдаде тұрақты жеті экспозициялық зал жұмыс істейді, түрлі мазмұндағы коллекциялар көрерменге Қазақстанның байырғы палеонтологиясы, ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заманғы тарихы мен мәдени мұрасы жайлы толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Жалпы мұражай экспозициясы қазақтардың бүкіл тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі моделі болып табылады. Студенттерге экскурсиялық қызмет бөлімінің қызметкерлері көмегімен мұражай экспозициялары, көрмелері бойынша шолу, тақырыптық экскурсия жүргізілді, яғни экспозициялық №1-Палеонтология және археология залы, №2-Тарихи этнография залы,№3-Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және диаспоралар мәдениетізалы, №4 «Тәуелсіз Қазақстан» залдары көрсетілді.
Сондай-ақ кураторлық ҚДС 16-003 ( куратор: Мейірғазықызы А.) тобымен 2018 ж. қараша айында ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында болдық. Мұражайда бейнелеу өнері мен дәстүрлі және заманауи қолданбалы өнердің ғажап коллекциясы бар. Онда батыс, орыс және кеңес өнерінің және шығыс халықтары қолданбалы өнерінің тыңғылықты жинағы орын алған.
19-20 ғасырлардағы қазақ қолданбалы өнерінің бай коллекциясы қазақ қол өнерінің жоғары деңгейде болғанын көрсетеді. Олардың ішіндегі ең көбі – күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, киіздер мен текеметтер, түкті және тақыр кілемдер, кестелі кілемдер. Мұражай коллекциясында ағаш пен теріден жасалған заттар да бар.
Жинақтаманың басым бөлігі – Қазақстан кескіндемесі, графикасы және мүсіні. Олардың ішінде – Қазақстанның тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеевтің, сондай-ақ, Хлудов пен Черкасскийдің, Мәмбеев пен Телжановтың, Кенбаев пен Ғалымбаеваның, Жүсіпов пен Шәрденовтің, Сыдыхановтың, Айтбаев пен Сариевтің кескіндемелері, Сидоркин мен Зальцманның, Пак пен Әжиевтің графикалық парақтары, Наурызбаевтың, Төлеков пен Досмағамбетовтің, Рахманов пен Мергеновтің, Рапопрот пен Есенбаевтың мүсіндік жұмыстары бар.