Рухани жаңғыру, болашақтың жарқын жолы
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы және аймақтық жобалық кеңсесімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Бағдарламаның мақсатына сай қоғамдық сананы өзгертіп, рухани тұрғыда жаңғыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Профессор-оқытушылар құрамынан бағдарламаның мәні мен құндылықтарын терең түсініп, білім алушыларға жеткізе білетін идеологтар мен спикерлер ортасы қалыптастырылған, сол қатарға студенттік ұйымдар арасынан еріктілер тартылуда.
Ғылыми кітапхананың «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!», «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру», «Тұғырлы тұлға», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты көрмесі тұрақты жұмыс істейді.
Университетте ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, бәсекеге қабілетті жоғары білікті болашақ медицина мамандарына сапалы және терең білім берумен қатар, тәрбие беру мақсатында олардың тұлға ретінде қалыптасып, бойындағы қабілеттерін ашуда бағдарлама бойынша әр түрлі ауқымды шаралар ұйымдастырылып, жоспарлы түрде өткізілуде.
Дәстүрлі қалыптасқан «Ұлы тұлғалармен кездесу» жобасы бойынша кезекті жоспарлы кездесулер ұйымдастырылды: (Шарманов Т.Ш., академик, Қазақ тағамтану академиясының және ұлттық салауатты тағамтану орталығының президенті, ҚР мемлекеттік сыйлығының екі рет лауреаты (2001,2019), Урмурзина Г.Г., дәрігер-педиатр, қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік гигиенаны жоғары категориялы ұйымдастырушы, «Белсенді ұзақ өмір сүру» ҚҚ президенті, Абишев О.А., ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, Каюпова Н.А., м.ғ.д., профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Самакова А.Б., ҚР мемлекет қайраткері, Әуэзов М.М., мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, Локшин В., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Ыскак Б.Е., Алматы облысы денсаулық сақтау басқарма басшысы, Умарходжиев А.А., археолог, саяхатшы, продюсер, Сулейменов О.О., ақын, тілтанушы, қоғам қайраткері).
«Рухани қазына – болашақ тұғыры» жобасы аясында қоғам қайраткері, жетекші медициналық білім ордасының негізін қалаушы және бірінші ректоры Санжар Асфендияровтың туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шаралар:
- «Асфендияров мұрасы» атты тарих пәнінен зияткерлік олимпиада;
- Балалар денсаулығына арналған «Дені сау бала – ұлт болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
- «Салауатты тамақтану – денсаулық кепілі» атты зияткерлік білім сайысы;
Академиялық адалдықты дәріптеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл патриотизмнің жаңа түрі» атты іс-шаралар кешені:
- «ҚазҰМУ Жалпы медицина мектебінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің кәсіби қызметіндегі адалдық»тақырыбында кездесу»;
- «Құндылық – достық критериі!» ICE CREAM CUP -5 пікірсайыс турнирі;
- «Кафедра академиялық мәдениет пен адалдықтың бастаушысы ретінде» атты тәлімгерлерге арналған семинар;
- «Мен – коррупцияға қарсымын» студенттік жұмыстар конурсы (бейнероликтер, суреттер, плакаттар, қабырға газеттері, эссе және т.б.) ;
- «ALMA MATER» ЛДК және «PARASAT» Жемқорлыққа қарсы адалдық мектебінің ұйымдастыруымен “Парасаттылықты қалыптастырудағы академиялық адалдықтың рөлі” атты Республикалық дәстүрлі KAZNMU CUP V пікірсайыс турнирі.
Рухани даму және еріктілер (волонтер) мен қайырымдылық қозғалысты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Игі істер эстафетасы» жобасына білім алушылар, қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысып, өз жемісін беруде.
2020 жылы еріктілер жылына орай студенттік ұйымдардың белсенділерінен жасақталған «ҚазҰМУ еріктілер лигасы» және «Қазақстан медицина жастары» еріктілер ұйымдарының қызметі жанданып, мәртебесі артып, белсенді жұмыс жасауда.
- «Медициналық еріктілік. Оның келешектегі дамуы» атты қалалық еріктілер форумы болып өтті. Форум алғашқы көмек көрсету бойынша тренингтермен жалғасын тапты;
– ҚР денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановтың университет еріктілер ұйымдарының мүшелерімен кездесуі;
- қала мектептерінде, студенттік жатақханаларда тақырыптық дәрістер оқылды балалар үйлері мен ауруханаларда мерекелік іс-шаралар өткізілді;
- туыстарының қамқорлығынсыз қалған Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне дәрі-дәрмек сатып алуға, медициналық көмек көрсетілуде;
- «Жылу сыйлаймыз!», «Мен жауапты донормын» акциялары;
- карантиндік орталықтарда және коронавирустың таралуының алдын алу бойынша еріктілердің жедел штабында (StopCovAlmaty) карантинге мұқтаж қала тұрғындарына көмек көрсету үшін университеттің жоғары курс студенттері (интерндер мен резиденттер) жұмыс істейді. Олар дәрігер-инфекционистерге көмектеседі, қараусыз қалған мұқтаж азаматтарға медициналық құралдарды және азық-түлік себетін таратады.
- клиникалық кафедралардың қызметкерлері коронавирус мәселелері бойынша онлайн-кеңестер ұйымдастырады.
Университетте өткізілген барлық іс-шаралар туралы ақпарат және танымдық материалдар университет сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Жастар саясаты басқармасы