Рухани жаңғыру- Ұлттық жаңғыру
«Ұлттық код, қлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды»
Н.А.Назарбаев
2017 жылдың 28 қыркүйегінде «Даңқ залында» Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің 115 жылдығына орай, университетіміздің м.ғ.д. профессор Мустафина Жанар Ғабиденқызымен кездесу кеші өткізілді.
Студенттер Қазақстан халық жазушысы туралы баяндама оқып, арнаулар мен нақыл сөздері туралы айтып өтті.
Ғабиден Мустафиннің біз білмейтін естеліктері туралы – Жанар Ғабиденқызы атып берді.
Жасына қарамастан оның əлі де белсенді өмір сүруі, əлі де білім жолында ізденістерін тоқтатпауы,оның өмірге деген құлшынысы бізді таң қалдырды. Әкесі мен анасының тәрбиесінің арқасында осындай жетістіктер мен армандарының орындалғанын да атап өтті.
Өмірімізде пайда болушы əрбір адам-ұстаз! Кейбіреулері бізді сынбауға,ақылдылыққа, кешіруге, күлімсіруге,бақытты болуға үйретеді. Ал кейбіреулері аяқтан шалады, бірақ бұл бізге-тəжірибе… Бүгінгі кездесуден студенттердің ұққаны көп болды.