«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ, ЕЛ МӘРТЕБЕСІ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2018 жылы 10 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай Жастар саясаты басқармасы, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» мен «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедраларының бастамасымен «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы, ел мәртебесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, өткізілді.
Конференцияны өткізудегі негізгі мақсат Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы көрсетілген қоғамдық сананы жаңғырту мәселелерін ғылыми ортада талқылау.
Университеттің стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Датхаев У.М. конференцияны ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Алматы қаласының жоғары оқу орындарынан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д., Тулебаев Т.А. – «Рухани жаңғыру және ұлттық тарихты зерттеудің методологиясын жаңарту» және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, с.ғ.д., Симтиков Ж.Қ. – «Рухани жағыру контексіндегі ұлттық сана мәселесі» тақырыбында баяндамаларымен таныстырды.
ҚазҰМУ профессор-оқытушы құрамынан «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценттері Рсалдина Ғ.Т. – «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында латындандыру мәселесі», Джекебаева М.А. «Цифрлы Қазақстан» – заманауи технологиялар және жастар», «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасының доценттері м.ғ.к., Кожекенова Ж.А. – «Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік», Айтманбетова А.А. – «Медициналық білім берудегі инновациялық жобалар» тақырыбында ой бөлісті.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Нагайбаева З.А. конференцияны қорытындылады.
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылардың барлық баяндамалары тыңдалып «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының басымдылықтарын іс жүзінде жүзеге асыру мәселелерін ерекше назарда ұстауға және осы бағдарлама аясында Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты жалғастыру туралы резолюция қабылданды.
Конференцияға Алматы қаласының жоғары оқу орындары, денсаулық сақтау мекемелері және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Университет ғылыми кітапханасы тақырыпқа сай кітап көрмесін ұйымдастырды.
Конференция қорытындысы бойынша ҚазҰМУ-ның «Хабаршысы» №4, 2018 ғылыми-практикалық журналында баяндамалар жинағы дайындалды.