Рухани Жаңғыру – Ұлт болашағы, Ел мәртебесі
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де жастар саясаты басқармасы, жалпы медицина-1 мектебініңҚазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасыаясында «Рухани Жаңғыру – Ұлт болашағы, ел мәртебесі» тақырыбында аудармашыларымен кездесуөтті.
Кездесуді корпоративтік даму жөніндегі проректорДатхаев Убайдилла Махамбетович ашып, бұндай іс-шаралардың студенттерге өнегелік берерімаңызды екендігін айта кетіп, аударылған кітаптар университет кітапханасына толық жеткізілгенін және студенттердің оларды қолдануына барлық мүмкіндіктер жасалғанына тоқталды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Философия» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидатыҚұранбек Әсет Абайұлы,Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия ғылымының кандидатыРыскиева Айымжан Абуовнажоба аясында ана тілімізге аударылған әлемдік философия еңбектерінің жазылу тарихы мен кітаптарды аудару барысында туындаған қызықты және қиындық тұстарымен бөлісті. Аудармашылардың ойынша басты қиындық философиялық ұғымдар мен категорияларды дәл беру мәселесінде туындады, өйткені өзара ұқсас бола тұра олардың бір-бірінен өзгешеліктері де бар еді, соларды шатастырмай жөн-жөнімен жүйелеу қажет болды.
Келесі кезекте сөз алғанБисембаева Зейнегуль Убайдаевна университетімізге келіп отырған қонақтарымызға үлкен алғыс білдіріп, қонақтардың үлкен еңбек жолдары университетпен байланысты екендігін жәнеосы жерде білікті маман ретінде қалыптасу жолын бастағанын жеткізді.
Шараның қорытынды сөзінде,жастар саясаты басқармасының бас маманы Жармағанбет Рымкеш Уахитқызыоқулықтардың ана тіліміздің сөздік қорының ғылыми терминдермен толығуына көмегін тигізетінінетоқталып, келген қонақтарға алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс тілей отырып, алдағы уақытта студенттерге тәрбиелік маңызы зор, құнды кездесулердің жалғастырылатына сенім артып, іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан Мәлік Ғалым Алауидинұлына және Тәттібек Нұргүл Мейрамқызына ырзашылығын білдірді.
Ғылыми кітапхана қорынан философия бойынша аударылған кітаптардан кітап көрмесі ұйымдастырылды.