«Санжар Асфендияров» тарихи драмасының премьерасы өтеді
Құрметті көрермен қауым!
ANaMed Forum – New Generation 2025 аясында Сіздерді ерекше мәдени шараға шақырамыз!
2025 жылғы 4 маусым күні сағат 17:30-да «Concordia» театрында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының «Санжар Асфендияров» атты тарихи драма қойылымы өтеді.
Авторы: Қазақстанның халық әртісі, режиссер-драматург Ерсайын Төлеубай
Режиссері: Мейрамбек Тағанов
Қоюшы суретші: Мұрат Сапаров
Қойылымда Санжар Асфендияровтың тағдыры арқылы халқымыздың тарихы мен рухани мұрасы тереңнен сыр шертеді!
Баршаңызды асыға күтеміз!