Санкт-Петербургтен тағылымдамадан өтуге конкурс жарияланды
7М07201-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығымен «Парфюмерлік – косметикалық құралдар технологиясы» мамандығын дайындау бағыты бойынша СОП іске асыру шеңберінде магистратура және докторантура бөлімі Фармация мектебімен бірлесіп, Санкт-Петербург (Ресей) мемлекеттік химия-фармацевтика базасында ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде 14 күн ғылыми тағылымдамадан өтуге ФӨТ ББ-дағы 2 курс магистранттары үшін конкурс жарияланады.
Тағылымдама С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қаражаты есебінен 4 магистрант үшін (оқу ақысы, екі жаққа жол жүру ақысы), магистранттардың жатақханада тұруы қарастырылмаған. (магистранттар есебінен)
Іріктеу критерийлері: GPA (B+ төмен емес), магистрлік диссертациялық жұмысты орындау, халықаралық конференцияларға және университет өміріне белсенді қатысқандығы жайлы мәлімет, мақала мен сертификаттардың болуы.
Конкурсқа қатысу үшін магистратура және докторантура бөліміне 2 қазаннан кешіктірмей ғылыми зерттеулерді орындау бойынша өтініш, транскрипт, есеп, мақалалардың, сертификаттардың көшірмелерін ұсыну қажет.
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуға болады:
Фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі, профессор Устенова Г. О., +77073072174, ішкі. 72-74
Фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі, PhD Алимова У.С., +77023610145, ішкі. 72-91
Докторантура және магистратура бөлімінің басшысы Иванченко Н.Н +77758823125, вн.72-68