Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясы «БОЛАШАҚ МЕДИЦИНАСЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА» С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің 95 жылдығына арналған және ғылым күніне орайластырылған.
Құрметті студенттер мен жас ғалымдар!
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті сіздерді «Болашақ медицинасы: теориядан практикаға» атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция ҚазҰМУ-дың 95 жылдығына орай ұйымдастырылып, 2025 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында өтеді.
Конференцияның негізгі бағыттары:
🔹 Қазіргі заманғы іргелі және клиникалық медицинаның жетістіктері
🔹 Биомедициналық технологиялар және денсаулық сақтау саласындағы инновациялар
🔹 Дәлелді медицина және дербестендірілген терапияның перспективалары
🔹 Медицинадағы цифрландыру және жасанды интеллект
Конференция аясында конференция тақырыбы бойынша 1-ші орынға (100 мың теңге), 2-ші орынға (70 мың теңге) және 3-ші орынға (30 мың теңге) ақшалай сыйлықтармен үздік баяндамаға конкурс өткізіледі.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Конференцияға қатысуға студенттер мен жас ғалымдар шақырылады (авторлардың жасы — 40 жасқа дейін).
Конференцияның жұмыс тілдері:
Қазақша, орысша, ағылшынша.
Материалдарды беру және тіркеу:
Қатысу үшін өтінім беру және 2025 жылғы 15 наурызға дейін [email protected] электрондық мекенжайға баяндамалар жіберу қажет.
Біз сізді конференция қатысушыларының арасында көруге қуаныштымыз!
Өтетін орны: ҚазҰМУ, Алматы қ., Қазақстан Төле би к-сі 94/1 №7 Корпус, Академиктер залы. Күні 11 сәуір 2025ж. тіркеу: 9.00-10.00 Басталуы 10.00.
Байланыс ақпараты:
📧 Email: [email protected]
📞 Телефон: 87073366501
Құрметпен, Конференцияның ұйымдастыру комитеті