Студенттік лига 2025-2026 маусымы басталды
2025–2026 оқу жылында Алматы қаласының 35-тен астам жоғары оқу орындарының қатысуымен Студенттік лига өз маусымын бастады.
Лиганың басты мақсаты – студенттердің спорттық дамуына мүмкіндік беретін платформа құру және талантты жастарды қолдау. Осы оқу жылынан бастап Студенттік лига жоғары оқу орындарындағы спорттық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететін, жүйелі және тұрақты чемпионат форматында өтеді.
2025 жылдың 5 қазанында лиганың алғашқы ойындары баскетбол (ерлер) және футбол (ерлер) түрлері бойынша өтті. Біздің командалар маусымды жеңіспен бастап, сәтті ойын өрнегін көрсетті.
Университетіміз бұл жобаға белсенді түрде қатысып келеді. Лига — жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты арттырудың және студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызды алаңы.
Лига жаңалықтарын қадағалаңыз және біздің командаға қолдау көрсетіңіз!