«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!»
2020-2021 оқу жылындағы «Қалыпты физиология биофизика курсымен» кафедрасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің жоспары бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!» атты факультет деңгейінде іс-шара өткізілді.Іс-шара онлайн жағдайында, зум платформасында өтті. Іс-шараға жауапты ұйымдастырушылар «Қалыпты физиология биофизика курсымен» кафедрасының ассистенті Айтжанова Г.М., доцент
Джусипбекова Б.А.,. Іс-шарағажалпы медицина мектебінің маманы- Ансаганова Жансая Ансагановна және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттері қатысты.Жалпы медицина мектебінің 2 курс ЖМ 19-011-02 студенттері: Көбей Аяулым, Шунаева Айя,Закенов Айбек үш тілде жүргізілді. Аскер Алия «Жемқорлық туралы жалпы ұғым,және онымен күресу жолдары» атты тақырыбына презентация қорғады. Презентацияда жемқорлық және оның зардаптары,себептері мен жемқорлық көрсеткіштеріне басты назар аудартты. «Жемқорлық және медицина» тақырыбына осы факультеттің 2 курс студенті Закенов Айбектің орындауындабейнеролик тамашаладық. Ары қарай 2 курсстуденттері Ермек Динара, Шунаева Айя, Иманов Наурызбек үш тілде өлең жолдарын оқып,жемқорлықпен күресті алдыңғы орындарға қоюды ұсынды. «Жемқорлықпен күрес-басты міндет» тақырыбында викторина, сұрақ – жауап ойынын студент Керімбеков Саят ұйымдастырды.Іс – шараны 2 курс студенті Талеева Мадина Құрманғазының тамылжыған «Балбырауын» күйімен аяқтадық. Келесі сөз кезегі кафедра оқу ісінің меңгерушісі,доцент ДжусипбековаБалжан Абдрамбековнаға берілді, ол кісі студенттерге кафедраның сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің жұмысы туралы,сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары,жас ұрпақты жемқорлықсыз болашаққа жетелейтін жолдарды айтып, осы жолдардан таймауды ұсынды.Келесі сөз кезегін жалпы медицина мектебінің маманы Ансаганова Жансая Ансагановнаға берілді. Жансая Ансагановна студенттерге сыбайлас жемқорлықпен күресіп,әрқашан емтихандарды өз күшімізбен тапсырып,жоғары дәрежеде оқып,білім алып өз ісінің білікті маманы болуды ұсынды.
Іс-шара барысында студенттер өз ойларын ортаға ашық салып,өз пікірлерімен бөлісті, жемқорлық пен оның зардаптарымен күресу жолдарын айқындайтын ойларымен бөлісті. Студенттердің ашық жарқын өз пікілерін қымсынбай, ойларын ашық айтуы оқытушылық құрамға қатты ұнады. Осындай жастармен келешекте жемқорлықсыз қоғам құрамыз деп нық сеніммен кешімізді аяқтадық.