«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет»
23.10.2025 оқу жылындағы Қалыпты физиология кафедрасы биофизика курсымен кафедрасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет» атты университет деңгейінде іс-шара өткізілді. Іс-шара оффлайн форматында №7 оқу корпусының 7 – аудиториясында өткізілді. Іс-шараға Қалыпты физиология кафедрасы биофизика курсы мен кафедрасының меңгерушісі –Рыспекова Ш.О., Жалпы медицина-1 мектебінің деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары – Тагирова Р.Т., Жалпы медицина-1 мектебінің бас маманы Белимбаева Г.М, шақырылды. Іс-шараға кафедраның оқу ісі меңгерушісі Джусипбекова Б.А., Айтжанова Г.М., Жүністай.Д.Д., Асан Г.К., Кожаниязова А.Н., Байдаулет Тілек қатысты. Іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен Жалпы медицина-1мектебі 2 курс студенттері қатысты. Іс-шараны 2 курс студенттері, жүргізушілер:Сәбитқызы Айым, Ахыласов Елдос іс-шараны үш тілде жүргізді. Іс-шара Иса Абайдың орындауында «Балбырауын» күйімен басталды. «Жемқорлық-қоғам індеті» тақырыбына Жалпы медицина-1 М24-006 топ студенттерінің бейнероликтері арқылы ой толғау жасады. Жалпы медицина-1мектебінің 2 курс студенттері Қасымхан Қарақат, Думанов Мирас «Жемқорлық-індет, оны жою-міндет!» тақырыбына үш тілде баяндамаларын оқыды. Баяндамада жемқорлық және оның зардаптары, себептері және тағайындалған жазалар жайлы айтылды. М24-010 топ студенті Талғатұлы Ердаулет «Оян, қазақ!» атты жүрек жарды өлең жолдарын оқыды. Ары қарай 2-курс студенті Беккул Гаухар
«Ерке сылқым» атты күймен өнер көрсетті. Келесі кезекте «Адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!» атты бейнеролик көрсетілді. Ары қарай «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Бұл ойында еліміздегі жемқорлық және оған күрес жайлы сұрақтар қойылып, көрермендерден жауап алынды, дұрыс жауапқа кішігірім сыйлықтар да болды. Сұрақ-жауап айдарынан кейін Талғатұлы Ердаулет өзінің авторлық «Оян, халқым!» өлеңін арнады. Кейін сөз кезегі Жалпы медицина-1 мектебінің бас маманы Белимбаева Гульзира Мейрамгалиевнаға берілді. Студенттерге кафедраның сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің жұмысы,сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын айтып,жас ұрпақты жемқорлықсыз болашаққа жетелейтін жолдардан таймауды ұсынды.
Іс-шара барысында студенттер мен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өз ойларын ортаға ашық салып,өз пікірлерімен бөлісіп, жемқорлық пен оның зардаптарымен күресу жолдарын айқындады. Іс-шара соңын 2-курс студенттерінің орындауындағы «Атамекен» хорымен аяқтады.
















