«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ» атты эссе байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Тәрбие жұмысы бөлімі және «Саналы Ұрпақ» студенттік клубтың ұйымдастыруымен 2024 жылдың 28 наурыз күні мен 20 сәуір күні аралығында университет білім алушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты эссе байқауы (бұдан әрі -Байқау) өткізілді. Байқаудың мақсаты – студенттер мен университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы белсенді азаматтық позицияны дамыту. Байқауға 32 білім алушы қатысты.
Байқаудың шарты бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған шығармашылық жұмыстарды арнайы құрылған комиссия қарастырды. Байқау қорытындысын шығару барысында, комиссия жастарды ел болашағы толғандыратынын, бүгінгі күн келер күннің іргетасы болғандықтан олардың қазіргі қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін айқындап, шешімін табуға ұмтылатындарын байқады.
Дегенмен, комиссия мүшелері үш тілдегі, яғни қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тіліндегі жұмыстардың ішіннен сыннан сүрінбей өткен жүйріктерді ғана жеңіске лайық деп тапты. Бақ сынасып, қатысқан білім алушыларға қатысқандығы бойынша СЕРТИФИКАТ берілді.
- І орын – Жалпы медицина -1 мектебіне қарасты 1 курс білім алушысы Нурасилова Нурай;
- ІІ орын – ЖМ-2 мектебіне қарасты 4 курс білім алушысы Жанабаев Көбейсін Муратұлы;
- ІІ орын – ЖМ-1 мектебіне қарасты 3 курс білім алушысы Қосаев Елдос Асанұлы;
- ІІІ орын – ЖМ-1 мектебіне қарасты 2 курс білім алушысы Рсымбет Балжан Айдарбекқызы;
- ІІІ орын – Педиатрия мектебіне қарасты 5 курс білім алушысы Біргебай Айғаным Жандосқызы;
- ІІІ орын – Педиатрия мектебіне қарасты 2 курс білім алушысы Аметова Альмира Аркенжановна.
Комиссия мүшелері аталған жұмыстарды байқаудың талаптары мен шарттары және бағалау критерийлері бойынша сарапқа салған болатын. Аталған комиссияның құрамында:
- Әнуар Әскербек Әбдрахманұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы;
- Исаева Жанар Турсунбаевна, қазақ тілінен, Тілдік пәндер кафедрасының доценті;
- Султанова Назгуль Тотановна, ағылшын тілінен, Тілдік пәндер кафедрасының асисстенті;
- Турапбекова Сания Сабировна, орыс тілінен, Тілдік пәндер кафедрасының лекторы;
Байқау жұмыстарын саралап, бағалауға үлес қосқан комиссия құрамындағы мүшелерге алғыс білдіреміз.
Әр шығарма жеке көзқарастың көрініс табуы, ой тұжырымының логикасы мен образдылығы, эссенің мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы, жазба тілінің сапасы, зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі, сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері) сынды критерийлер бойынша бағаланды.
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ» атты эссе байқауының марапаттау рәсімі алдағы аптада өткізіледі.