СЫРТҚЫ САРАПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ САПАРЫ
Бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеу рәсімі шеңберінде сыртқы сараптама комиссиясының (ССК) жұмысы жалғасуда.
Сарапшылар ұсынылған құжаттармен және білім беру бағдарламалары бойынша ұсыныстар әзірлеумен жұмыс жасады.
ССК-тің С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ басшылығымен қорытынды кездесуі өтті. Кездесуге: Басқарма Төрағасы – Ректор – Шоранов Марат Едигеевич, Проректор – Калматаева Жанна Амантаевна (Академиялық блок), Проректор – Султангазиева Светлана Елеусизовна (Клиникалық блок), Проректор – Датхаев Убайдилла Махамбетович (Әлеуметтік даму және цифрландыру блогы), ҚазҰМУ Ғылыми-технологиялық паркінің басшысы – Фахрадиев Ильдар Рафисович, PhD, Мектептер мен факультеттер декандары қатысты.
ССК төрайымы м.ғ.д., Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің ФМЖББМ «Приволж медициналық зерттеу университеті» Е.С. Богомолова- университетіміздің мықты жақтарын және әрбір білім беру бағдарламасы бойынша жақсартуға тиісті ұсыныстарды айтты.
АРТА үйлестірушісі А.С. Джакенова Рейтингтік агенттікті таңдауында ҚазҰМУ басшылығына алғысын білдіріп, барлық білім беру бағдарламалары АРТА Аккредиттеу Кеңесінде қарастырылуға ұсынылатынын хабарлады.