СЫРТҚЫ САРАПТАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ САПАРЫ
16 сәуірде бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеу рәсімі аясында сыртқы сараптама комиссиясының (ССК) жұмысы басталды.
Сапардың бірінші күні сыртқы сараптама комиссиясының Басқарма Төрағасы – ректор Марат Едігеұлы Шорановпен кездесуі өтті.
Презентацияда университеттің негізгі бағыттары ұсынылды: «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ 2024-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы, клиникалық және білім беру қызметі, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері, ҚазҰМУ профессорлық-оқытушылық құрамының баспа қызметі, Ғылыми-технологиялық парктің жұмысы, университет инфрақұрылымы, халықаралық ынтымақтастық.
ҚазҰМУ проректорларымен кездесуде ССК мүшелеріне клиникалық жұмыс, оқу блогы, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің ғылыми жұмыстары, ұжымды әлеуметтік қолдау туралы ақпарат берілді.
Даңқ залында ССК құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, аккредиттелген білім беру бағдарламаларының басшыларымен, бөлім басшыларымен және профессорлық-оқытушылық құраммен кесте бойынша кездесулері өтті. Педагогикалық қызметкерлер арасында анонимді сауалнама жүргізілді.
Күннің екінші жартысы университетті визуалды тексеруге арнаы. ССК мүшелері ҚазҰМУ симуляциялық орталығына, сынақ орталығына, ғылыми кітапханасына, ғылыми геном зертханасына және технопаркіне барды.