СЫРТҚЫ САРАПТАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ САПАРЫ
Университетте бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеу рәсімі шеңберінде сыртқы сараптау комиссиясы (ССК) жұмысын жалғастыруда.
ССК сарапшылары аккредиттелген білім беру бағдарламалары бойынша университеттің клиникалық базаларына барды: №4 қалалық клиникалық аурухана, Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы, №5 қалалық клиникалық аурухана, «Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМУ, Алматы қ. филиалы, «Қазақ тағамтану академиясы» ҚБ, Керуен-Medicus, Алматы қ. «№20 қалалық емхана».
Клиникалық базалардың кафедраларында сарапшылар сабақтарға қатысып, оқу бағдарламасының медициналық жабдықтарымен, қажетті құжаттамалармен танысты.
Түскі астан кейін сарапшылардың студенттермен кездесуі өтіп, анонимді сауалнама жүргізілді.