С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да 89 білім беру бағдарламасы бар
Бакалавр бойынша мейірбике ісі (оның ішінде жеделдетілген оқу мерзімі – 10 айдан 2 жылға дейін), педиатрия, фармация (оның ішінде жеделдетілген оқу мерзімі), қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, менеджмент және басқару, стоматология, фармация технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология бағдарламалары оқытылады.
Педиатрия факультетіне тоқталып өтсек, еліміздегі балалар дәрігерлерін даярлайтын алғашқы факультет биыл 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Бүгінде оның түлектері 10 мыңнан астам маман. Былтыр жазда тарихи оқиға орын алды. Соңғы 15 жыл аралығында педиатрлардың алғашқы легіне дипломдар табысталды. 138 түлек, олардың ішінде төрт қызыл диплом иегері еліміздің медициналық ұйымдарында өз еңбек жолын бастады.
Бүгінде ҚазҰМУ педиатрия мектебінде 700 астам студент білім алуда. Кафедра түлектері еліміздің үздік мамандарының қатарына кіреді.
Сонымен қатар осы жазда Қазақстан тарихында алғаш пластикалық хирургтар оқуын тәмамдады. Ел үшін бірегей пластикалық хирургия кафедрасы Университетте 2019 жылы ашылды. Алматы мен Астананың үздік Пластикалық хирургия және эстетикалық медицина клиникаларының базаларында білім беріледі, ал резиденттерге осы күрделі кәсіпті таяу және алыс шетелдерден мамандар шақыра отырып, Қазақстандағы осы саланың алғашқы мамандары үйретеді. Қазір кафедрада 23 резидент білім алуда, алғашқы бес резидент толық білім беру циклынан өтті, емтихан тапсырды, маман сертификатын алды және енді пластикалық хирургия бойынша толық көлемде қызмет көрсетуге дайын.
Бұдан басқа, Қазақ ұлттық медицина университетінде медициналық мамандықтардың кең ауқымын қамтитын 28 магистратура, 5 докторантура және 47 резидентура мамандықтары бар.