С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің түлектеріне диплом табысталды
Бүгін С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің түлектеріне диплом табысталды.
Құрметті түлектер, алда көптеген жаңа жетістіктер күтіп тұр. Өз қабілеттеріңізге сенімді болып, жаңа биіктерге ұмтылып және ешқашан мұнымен тоқтамаңыздар. Әрқайсыңыз өмірде өз орнын тауып, қоғам игілігі үшін өз әлеуетіңізді іске асыруға тілектеспіз. Есте сақтаңыздар, біздің медицинамыздың болашағы сіздер және біз әрқайсыңызды мақтан тұтамыз.
Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі – “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Медициналық-профилактикалық іс”, “Мейірбике ісі”, жеделдетілген форматтағы “Мейірбике ісі” (колледж базасында) мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Бұл бағдарламалардың артықшылығы – оқуға түсу үшін ҰБТ-ның төмен баллы, қысқа оқу мерзімі және еңбек нарығында жоғары сұраныс болып табылады.