«С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ 2023-2024 оқу жылының күзгі семестрі кезеңінде АҚШ университеттерінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» бакалавриаттың білім беру бағдарламасының академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін конкурс жариялайды
Республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген академиялық ұтқырлық шеңберінде конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау «2023 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға арналған орындардың санын бекіту туралы» ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 5 мамырдағы №199 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚазҰМУ үшін бөлінген орындар саны – бір орын.
Өтініштер мен қажетті құжаттарды – Кодекова Гүлім Сапабекқызына 245 кабинетке (ректорат корпусына) тапсыру қажет.
Барлық сұрақтар бойынша поштаға хабарласуыңызды сұраймыз – [email protected]
Байқауға келесі студенттер қатыса алады:
- Мемлекеттік білім беру грантында оқитын «Қоғамдық денсаулық сақтау» бакалавриат білім беру бағдарламасының 2022-2023 оқу жылының 3 курс студенттері;
- Оқу кезеңінде үлгерімнің орташа балы (GPA) 2,5-тен төмен емес
- IELTS шет тілін білу деңгейі – 5,0-ден төмен емес немесе TOEFL 35-тен төмен емес
- Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын білім алушы.
Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Ректордың атына өтініш (үлгіні жүктеп алыңыз)
- Оқу кезеңіндегі ағылшын тіліндегі транскрипт, (тіркеуші кеңсесіне сұрау салу)
- Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін ұсынады
- IELTS сертификаты (5.0 және одан жоғары), болса;
- TOEFL сертификаты (35 баллдан жоғары), болса;
- шетелдік ЖЖОКБҰ-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат;
- Грамоталар, дипломдар және сертификаттар (көшірмелер)
- Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көшірмесі
- № 072/у нысан бойынша Медициналық анықтама (шетелге шығушы үшін)
- Студенттің көп балалы отбасы растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
- Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін (бар болса);
- Студенттің мүгедектігін растайтын құжат.
Үміткерлерді іріктеуді ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы №613 бұйрығымен бекітілген «Шетелде оқуға, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларына» сәйкес үміткерлерді іріктеу жөніндегі Комиссия жүзеге асырады.
Конкурс мәселелері бойынша кеңесті декан орынбасары жүргізеді.
Жұмыс кестесі:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, академиялық жұмыс департаменті дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.30-ға дейін.
2) Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
3) Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Мекен – жайы: Алматы қ., Төле би даңғылы, 94, Ректорат, 2-қабат, 245 каб.;
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2023 жылғы 21 маусымға дейін.
Каз_Форма заявления по АМ_США___1685071782.3797553