«С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ лауазымға ашық бос жұмыс орны туралы хабарлайды: Ғылыми-технологиялық парк басшысының орынбасары (ғылыми бағыт бойынша)
Бос лауазымның атауы:
Ғылыми-технологиялық парк басшысының орынбасары (ғылыми бағыт
бойынша) – 1 бірлік.
Негізгі талаптар:
Денсаулық сақтау саласындағы жоғары білім, ғылыми дәрежесінің
(ғылым кандидаты, ғылым докторы) немесе PhD докторы дәрежесінің
болуы;
Жоғары білім/ғылым/денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 10 жыл,
оның ішінде басшы лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі
болуы;
Келесі құзыреттердің болуы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, КҚФ
қаржыландыратын жобаларды табысты басқару, сондай-ақ
халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу.
Ғылыми зерттеулер мен жобалар саласында халықаралық
ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде жетекші ғылыми ұйымдармен
және университеттермен серіктестік орнату.
Ғылыми топтардың қызметін үйлестіру және ресурстарды тиімді бөлу
бойынша басқару дағдылары.
Ғылыми қызмет нәтижелерін халықаралық конференциялар мен
жетекші ғылыми форумдарда ұсыну үшін коммуникативті дағдылар;
Атқаратын лауазымы, жүргізушілік қызметі шеңберінде мамандығы
бойынша мемлекеттік (шет) тілді толық пайдалану мүмкіндігін
қамтамасыз ете отырып, кәсіби деңгейде мемлекеттік тілді және кең
таралған шет тілдерінің бірін білгені жөн. Іскерлік келіссөздер және
құжаттамамен жұмыс.
Үміткерлердің түйіндемелері [email protected] электронды поштасы арқылы
қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін 87273387080, ішкі. 7021, 7022