ҚазҰМУ-дың фармация мектебінің студенті академик Есенов Шахмардан атындағы стипендияның иегері атанды
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінің 3 курс студенті Станислав Андреевич Леденев академик Шахмардан Есенов атындағы 2025 жылғы стипендияның иегері атанды. Қазақстанның ЖОО студенттері арасында конкурстық іріктеудің бірнеше кезеңінен өткен Станислав академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының ай сайынғы стипендиясы берілетін 20 жеңімпаздың қатарына енді.
Қордың мақсаты нақты және жаратылыстану ғылымдарына маманданған студенттер мен жас ғалымдарды негізгі білімді жалғастыруға, кәсібилігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолдау көрсету болып табылады. Қордың миссиясы: Қазақстанның зияткерлік әлеуетін дамыту.
Қор 2013 жылы көрнекті қазақстандық ғалым және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Ленин сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан геология министрі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Шахмардан Есенұлы Есеновтың құрметіне құрылды. Ол геология ғылымы мен геологиялық қызметтің дамуына, Қазақстан Ғылым академиясының қалыптасуына зор үлес қосты.
Академик Ш.Е. Есенов Жезқазған өңірі мен Маңғыстау облысындағы (Өзен, Жетібай және басқаларын қоса алғанда) әлемдегі ірі пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш ашушы және әзірлеуші болған.
Академик Шахмардан Есенов атындағы қордың стипендиялық бағдарламасы Қазақстанның жаратылыстану, техникалық, медициналық және ІТ-мамандықтары бойынша оқитын талантты студенттерін қолдауға бағытталған. Биыл байқауға қордың стипендиаты болу құқығы үшін көптеген қатысушылар қатысты. Станиславтың жеңісі оның жоғары оқу жетістіктерін, белсенді ғылыми қызметін көрсетеді.
Байқауға дайындыққа және оған жеңіске С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғылыми-технологиялық паркінің фармация және фармакология орталығының басшысы, қауымдастырылған профессор, фармацевтика ғылымдарының кандидаты Ибрагимова Лилия Николаевна зор үлес қосты.
Бағдарлама бакалавриаттың үздiк студенттерiн қаржылай қолдау және олардың қазiргi заманғы қоғам талап ететiн құзыреттерiн дамыту жолымен Қазақстанда техникалық және жаратылыстану-ғылыми пәндердi дамытуға жәрдемдесуге арналған. 2013 жылы тек Satbayev University студенттеріне арналған стипендиялық бағдарлама ретінде басталған Шахмардан Есенов қорының стипендиялық бағдарламасы бүгінгі күні еліміздің 33 жоғары оқу орнының оқушыларын қамтиды. Қордың стипендиялық бағдарламасы байқауының 10 жылы ішінде 64 мамандық бойынша 157 студент пен жас ғалым жеңімпаз атанды.
Станислав Леденев пен оның басшысы Лилия Николаевна Ибрагимованы лайықты жеңісімен құттықтаймыз.