С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың халықаралық сарапшылармен кездесуі өтті
2024 жылғы 21 қарашада С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мен шетелдік жетекші мамандар делегациясының кездесуі өтті.
Шараның басты мақсаты — халықаралық ынтымақтастықты нығайту, Алматының медициналық кластерін дамыту және Қазақстан денсаулық сақтау жүйесіне заманауи технологияларды енгізу.
Кездесу барысында негізгі мәселелер талқыланды:
• Медицина мамандарын кәсіби оқыту тәжірибесімен алмасу.
• Заманауи медициналық технологияларды және тәжірибелерді трансферлеу.
• Қала мамандарына арналған шеберлік сабақтарының нәтижелері.
Кездесуге Израиль мен Ресейден келген халықаралық сарапшылар қатысты. Олар неонатология, онкология, инфекциялық аурулар және медициналық оңалту салаларын ұсынды.
Бұл кездесу әлемдік медициналық орталықтармен серіктестікті нығайтуға және Қазақстанда медициналық инновацияларды дамытуға маңызды қадам болды.
Алматыда медициналық қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарлама іске асырылуда. Екінші жыл қатарынан Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ халықаралық сарапшылардың қатысуымен қарқынды мастер-кластар циклін ұйымдастыруда.