С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қосымша және кәсіптік білім беру институты Мемлекеттік тапсырысты іске асыру шеңберінде Алматы қаласында заманауи білім алу және тәжірибелік дағдыларды дамыту үшін жетекші халықаралық практиктерді тарта отырып, медициналық кадрларды оқытуды жүзеге асырады
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қосымша және кәсіптік білім беру институты Мемлекеттік тапсырысты іске асыру шеңберінде Алматы қаласында заманауи білім алу және тәжірибелік дағдыларды дамыту үшін жетекші халықаралық практиктерді тарта отырып, медициналық кадрларды оқытуды жүзеге асырады. Бірінші аптада өзекті тақырыптар бойынша келесі семинар-тренингтер өткізілді:
- «Жүктілік кезіндегі бауыр мен бүйректің жедел зақымдалуы» – Ирина Васильевна Будник (Ресей)
- «Колопроктологиядағы лапароскопиялық технологиялар» – Игорс Иесалниекс (Германия)
- «Гигантты операциядан кейінгі вентральды грыжалардың хирургиялық тактикасы. Грыжа хирургиясындағы қателер мен асқынулар» – Олег Геннадьевич Витязев (Ресей)
- «Протездік инфекцияны емдеудегі заманауи аспектілер» – Дмитрий Алексеевич Архиповский (Ресей)
- «Үйде паллиативтік көмекті ұйымдастыру. Балалардың үйде тыныс алуын қамтамасыз ету» – Анастасия Валентиновна Гольцман (Ресей)
- «Науқастардың клиникалық деректерімен автоматты анализаторлардың зертханалық параметрлерін кешенді бағалау» – Бучнева Елена Анатольевна (Ресей)
- «Клиникалық медициналық генетика» – профессор Лина Базель Шалмон (Израиль)
Бұл шеберлік сабақтары Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, қосымша және кәсіптік білім беру институты және AlfaMedGroup компаниясымен бірлесіп Алматы қаласының клиникалық базасында ұйымдастырылды.
Қатысушылар теориялық дәрістер мен практикалық жаттығуларды ұштастырған оқыту форматын жоғары бағалады. Медицина қызметкерлері халықаралық сарапшылармен кәсіби тәжірибенің өзекті мәселелерін талқылауға және нақты ұсыныстар алуға бірегей мүмкіндік алды. Іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны ерекше атап өтілді.