С.Ж.Асфендияроватындағы ҚазҰМУ-дің бітірушілерін жұмысқа орналастыру « Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 2015 »
С.Ж.Асфендияроватындағы ҚазҰМУ-дің бітірушілерін жұмысқа орналастыру
« Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 2015 »
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының 2015 жылғы 25 ақпандағы №145 бұйрығына сәйкес «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ҚазҰМУ-2015» іс-шарасын жүргізу бойынша ұйымдастыру комиссиясы құрылды, оның құрамына төмендегідей тұлғалар енді:
Төраға: ТөлебаевҚ.А.- оқу-тәрбиелік жұмыстар бойынша проректор.
Комиссия мүшелері:
Нуралиева У.А- ҚР ДС және ӘДМ ҒжАРД-нің медициналық білім және ғылым бөлімінің басшысы;
Балмуханова А.В. – Кәсіби білім беру (интернатура және резидентура) факультетінің деканы;
Датхаев У.М. –Фармация факультетінің деканы;
Бегадилова Т.С – Қоғамдық денсаулық сақтау факультеті деканының міндетін атқарушы;
Иванченко Н.Н- Шетелдік студенттер факультетінің деканы;
Бошкаева А.К- Phd докторантура және магистратура бөлімінің басшысы.
Төмендегідей құжаттар дайындалып, бекітілді:
– Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі іс-шарасын ұйымдастыру және жүргізу жоспары
– Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі іс-шарасын өткізілу бағдарламасы.
Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеп жүрген бітірушілердің мүдделерін жақындастыру .
2015жылдың 29 сәуір күніҚазҰМУ-да 2014-2015 оқу жылының бітірушілеріне Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, оған төмендегідей мамандықтар бойынша білім алған бітірушілер қатысты:
№ р\с | Мамандықтар | Саны |
1 | Phd докторантура | 11 |
2 | Резидентура | 90 |
3 | Жалпы медицина (Терапия) | 341 |
4 | Жалпы медицина (Акушерлік іс жәнегинекология) | 89 |
5 | Жалпы медицина (Хирургия) | 126 |
6 | Жалпы медицина (Жалпы практик дәрігер) | 210 |
7 | Жалпы медицина (Педиатрия) | 135 |
8 | Жалпы медицина(Гигиена және эпидемиология) | 2 |
9 | Стоматология | 90 |
10 | Магистратура | 74 |
11 | Мейірбике ісі | 53 |
12 | Қоғамдық денсаулық сақтау | 62 |
13 | Медико-профилактикалық іс | 76 |
14 | Фармация | 90 |
15 | Фармацевтикалық өндірістехнологиясы | 35 |
Барлығы: | 1484 | |
Медициналық мамандарға тапшылық және шараға қатысу үшін ресми сұраныстар Алматы, Астана қалалық және барлық облыстардың денсаулық сақтау басқармаларына және ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жіберілді.
Университетке 2830 бос орындарына сұраныстар түсті. Айрықша талап етілген мамандықтар: участкелік педиатрлар мен терапевттер, акушер-гинекологтар, жалпы практик дәрігерлер, анестезиолог-реаниматологтар, кардиологтар, невропатологтар, нефрологтар, офтальмологтар, жедел жәрдем дәрігерлері, онкологтар және т.б.
Жәрмеңкегеі қатысқан өкілдер:
№ | Аймақтар | Өкілдер | Ұйымдар |
1 | Алматы қаласы | 72 | 61 |
2 | Алматыоблысы | 35 |
343Атырауоблысы444Жамбылоблысы17
175Шығыс-Қазақстан облысы10106Батыс-Қазақстан облысы4
37Маңғыстау облысы15
138Қызылорда облысы6
69Солтүстік-Қазақстан облысы1
210Қарағанды облысы4411Қостанай облысы6512Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері3113Алматы қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығы2114ҚР ҚТЖК4215ҚР-ның қорғаныс министрлігінің өкілдері41 Барлығы:
11аймақтанБарлығы:189өкіл
Барлығы:164
ұйым
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін құттықтау сөзбен оқу-тәжірибелік жұмыстар бойынша проректор, м.ғ.д., профессор Төлебаев Қ.А ашты.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде медициналық кадрлар даярлау»тақырыбында Нуралиева У.Ә – ҚР ДС және ӘДМ медициналық білім және ғылым басқармасының басшысы баяндама жасады.
Кәсіби даярлау (интернатура және резидентура) факультетінің деканы,м.ғ.д., профессорБалмуханова А.В«ҚазҰМУ бітірушілерін жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізу, Алматы облысы бойынша» тақырбында сөз сөйледі
Бітірушілер алдында денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері сөз сөйледі:
– Утепқалиев М.М- Атырауобласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
– Абдрасилова Б.И- Алматы қаласының денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы,
– Кусмолдаева С.Р- Алматы облысының денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары, сонымен қатар өздерінің аймақтары мен емдік ұйымдарын, жоғары медициналық білімі бар мамандарға тапшылық қажеттілігін таныстырған көптеген медициналық ұйым өкілдері.
Жұмыс берушілерден барлығы сөз сөйлеу- баяндама үшін 30 сұраныс берілді.
Денсаулық сақтау басқармалары,фармацевтикалық компаниялар, Республиканың тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің өкілдері арасында бітірушілермен жеке жұмыс жасауына барлық жағдай жасалды, бітірушілер өздері үшін жұмыс жағдайын, берілетін әлеуметтік көмек туралы толық анықтап алуға мүмкіндік алды. Жұмыс берушілер мен бітірушілер арасында жұмысқа орналасу бойынша 3-жақты келісім шарт жасалынды.
2015 жылғы бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қатысушылары біздің бітірушілерге бар жақсылық,университетті жақсы бітірулерінтілеп, оларды өздерінің ұйымдарында асыға күтетіндерін айтты.
Шараға ақпараттық қолдау көрсеткендер:
-ҚазҰМУ баспасөз қызметі;
– «Казахстанская правда»газеті
– «Литер»газеті
– «Tengri News» ақпараттық агенттігі
– «Vox Populi» ақпараттық агенттігі
– «Каз.информ» ақпараттық агенттігі
Кәсіби білім беру (интернатура және резидентура) факультеті
бітірушілерді жұмыс орындарына бөлу және жұмыспен қамту бөлімі