С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына орай Алғашқы Аллея ашылды
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына орай Алғашқы Аллея ашылды
ҚазҰМУ-ң ең үздік студенттері университетің әр жылдардағы түлектері сыйлаған 100 шыршаны отырғызуға ат салысты.
«Биыл біз бүкіл халықпен бірге айрықша маңызды күндерді тойлаймыз. Оның ішінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, университетіміздің 85 жылдық мерейтойы бар. Біздің 300-ден аса студентіміз соғыстың алғашқы жылдарында майданға аттанған еді. Университетіміздің әртүрлі жылдардағы түлектері өз альма-матеріне Ұлы Отан соғысының батырларының құрметіне естелік ретінде шырша аллеясын сыйлап отыр. Ал бүгін ҚазҰМУ-ң барлық факультеттерінің ең үздік студенттері 100 шырша отырғызды. Жылдар өткен соң бүгінгі студенттер салиқалы дәрігер болып қалыптасып, осы жерге өз балаларымен келетін болады, сонда осы Аллея олардың бақытты студенттік жылдарын еске салмақ», – деді ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов.
Жеңістің шыршалы аллеясы Төле би көшесін бойлап Сейфуллин даңғылынан Масанчи кошесіне дейінгі аралықты қамтыды.
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі