С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті проректордың бос лауазымына іріктеу өткізілетінін жариялайды
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті проректордың бос лауазымына іріктеу өткізілетінін жариялайды
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көшесі, 94.
Бос лауазымның атауы: Проректор (академиялық бағытқа жетекшілік етеді).
Функционалдық міндеттердің қысқаша сипаттамасы:
Университеттің оқу және әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады, оның ішінде университеттің білім беру саласындағы қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу, өзектендіру және енгізу; оқытудың барлық нысандарының білім беру бағдарламаларын уақтылы және сапалы әзірлеу, оның ішінде қашықтықтан оқытуды дамыту; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде (резидентура, магистратура, докторантура) ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау, білім алушылар контингентін есепке алуды жүргізу; академиялық ұтқырлықты ұйымдастырады, оқу бағдарламалары бойынша оқу жүктемесін есептеуді, оның бөлінуін және орындалуын бақылайды.
Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларын, оқу сабақтары мен емтихан сессияларының кестесін, мамандықтардың білім беру бағдарламаларын, жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер жұмысының жылдық жоспарлары мен есептерін бекітеді; университеттің оқу-әдістемелік қорының жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.
Университеттің жарғысына және басқа да ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес өз қызметі шеңберінде өзге де функцияларды орындайды.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:
1) қызмет бейіні бойынша жоғары білім;
2) ғылыми дәрежесінің немесе PhD докторы академиялық дәрежесінің болуы;
3) денсаулық сақтау не жоғары білім беру жүйесіндегі жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, оның ішінде бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы.
Іріктеуге қатысуға келесі азаматтар жіберілмейді:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;
2) заңда белгіленген тәртіппен, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
3) ҚР заңнамасында көзделген басқа жағдайларда.
Іріктеуге қатысқысы келетін азаматтар мынадай құжаттарды ұсынады:
- нысан бойынша өтініш;
- нысан бойынша қызметтік тізім;
- іріктеуге қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері және тексеру үшін түпнұсқалары*
*шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі. сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;
*«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
*өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
5) ғылыми/академиялық дәрежесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар;
7) № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);
8) университет қызметінің жетекшілік ететін бағытын дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасы;
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Іріктеуге қатысуға өтініш білдірген тұлғалар өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, куәліктер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын басқа да мәліметтер) ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде келесі мекен жай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус (ректорат), 104 кабинет, Адам ресурстарын дамыту департаменті немесе [email protected], [email protected] электрондық поштасы.
Іріктеудің өткізілетін орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1-корпус (ректорат), 3-қабат, кіші зал.
Анықтама телефоны: 8(727)3387080 ішкі номер 7080, 7023.