С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2023 жылдың 10 қазанында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес отырысында алғаш рет ағылшын тілінде диссертация қорғауы өтті
PhD докторант Искакова Балнұр Аманқұлқызының «Measuring HIV-related stigma in healthcare settings» тақырыбындағы диссертациясы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «АИТВ-инфекциясы курсы бойынша эпидемиология» кафедрасында орындалған.
Бұл жұмыс бойынша ресми рецензенттер болып медицина ғылымдарының докторы, AlmaU Шарманов атындағы денсаулық ғылымдары мектебінің профессоры Аринғазина Алтын Муафикқызы және медицина ғылымдарының докторы, Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының директоры Байсеркин Бауыржан Сәтжанұлы тағайындалған.
Докторанттың ғылыми кеңесшісі медицина ғылымдарының докторы, университетіміздің АИТВ-инфекциясы курсы бойынша эпидемиология кафедрасының» профессоры Нұғманова Жәмиля Сәкенқызы.
Шетелдік кеңесші – PhD, қауымдастырылған профессор, Мичиган университетінің (АҚШ) Денсаулықты сақтау және денсаулықты сақтау бойынша білім беру кафедрасының профессоры Элизабет Кинг.
Кеңес жұмысына осы саланың жетекші ғалымдары: Оспанова Динара Алмаханқызы – медицина ғылымдарының докторы, доцент, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ іргелі медицина кафедрасының «Мейірбике ісі» курсының меңгерушісі; Досхожаева Сәуле Темірболатқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Қазақстан-Ресей медицина университеті» Ұлттық білім беру мекемесінің жұқпалы аурулар кафедрасының доценті, сонымен қатар шетелдік сарапшылар: Дерябина Анна Павловна – PhD, Колумбия университетінің ICAP Еуразия аймақтық директоры және Густафсон Дебора – PhD, Нью-Йорк штатының Мемлекеттік университетінің медицина ғылымдары университетінің профессоры (Нью-Йорк, АҚШ) қатысты.
Ізденуші Искакова Балнұр С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бакалавриатын 2012 ж. бітірген. 2017 жылы Ньюкасл университетінде (Ұлыбритания) эпидемиология магистрі дәрежесін алды. 2018-2021 жж. ҚазҰМУ Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша докторантурасында оқыды. Ғылыми-білім беру компонентін аяқтау үшін Балнұр алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Алматы қаласындағы ЖИТС орталығында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Докторантура аясында Искакова Б.А. Олбанидегі Нью-Йорк мемлекеттік университетінде (Биостатистика және эпидемиология департаменті) АИТВ-ны зерттеуге бағытталған академиялық мобильділік бағдарламасына қатысты.
Диссертациялық кеңестің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Максут Каримович Кульжанов әріптестерін табысты қорғауларымен құттықтап, докторант пен оның ғылыми жетекшілерінің медицина ғылымының дамуына қосқан үлесін атап өтті.