С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті медицина ғылымдарының докторы, профессор Максут Каримович Кульжановты үкіметтің жоғары наградасы – «Парасат» орденін алуымен құттықтайды
Кульжанов Максут Каримовичтың басқару және ғылыми-зерттеу қызметінде үлкен тәжірибесі бар. Максут Каримович әр жылдарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ректоры, ҚР ДСМ жанындағы «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бірінші бас директоры болды. Кульжанов М.К. Қазақстандық денсаулық сақтау мектебінің негізін қалаушы ретінде оның әлемдік деңгейде танылуына қол жеткізді.
Қазіргі таңда Кульжанов М.К. ҚазҰМУ-дың денсаулық сақтау саясаты және менеджмент кафедрасының профессоры, «Республикалық медициналық палата» ҚБ басқарма төрағасы, ҚазҰМУ «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінің төрағасы. Түрлі халықаралық кеңестердің мүшесі ретінде жұмыс атқаруда және халықаралық аренада отандық денсаулық сақтаудың мүдделерін көрсетуде. 30 жылдан астам уақыт бойы ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының отырыстарына белсенді қатысуда. Профессор Кульжанов М.К. 100-ден астам медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары дайындады. 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
ҚазҰМУ ұжымы профессор Максут Каримовичке қажымас қайрат, белсенді ұзақ ғұмыр және лайықты оқушылар тілейді!