С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мониторинг басқармасының басшысы бос лауазымына орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Бос лауазымның атауы:
Мониторинг басқармасының басшысы– 1 бірлік.
Негізгі талаптар:
– Жоғары заң мамандығы бойынша білімінің болуы.
– Мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар болуы керек.
Келесі құзыреттердің болуы:
– MS Office (Excel, Word, Outlook),
– «ҚР МС порталы» бағдарламалық өнімдерімен жұмыс істеу дағдылары;
– юриспруденция және мемлекеттік сатып алу саласында кемінде 5 (бес) жыл
жұмыс тәжірибесінің болуы;
– іскерлік келіссөздер жүргізу және құжаттамамен жұмыс істеу мүмкіндігін
қамтамасыз ететін кәсіби деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру.;
– қызметкердің қосымша даярлығын, оның юриспруденция және мемлекеттік
сатып алу саласындағы біліктілік деңгейін арттыруды растайтын
сертификаттардың болуы.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7
жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет
мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы
қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7022 телефоны арқылы алуға
болады.